Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
"Отан" Мұқағали Мақатаев
Сабақтың тақырыбы: "Отан" Мұқағали Мақатаев
Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Қазақтың біртуар ақыны М. Мақатаев туралы, оның шығармасы жайлы түсінік беру. Шығармадағы негізгі ойды анықтау.
Дамытушылығы: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, өлеңді мәнерлеп оқу, есте сақтау қабілеттерін көркем жазу дамыту Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, адалдыққа, елін, жерін сүюге, табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиа, интерактивті тақта, кесте - сызбалар, топтастыру стратегиясы, бейне сюжет.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушыларды тексеріп, олардың назарларын сабаққа аудару.
• 1 - слайд Психологиялық тұрақтылық орнату.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
2 - слайд

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
• «Отан» Ж. Смақов жатқа айту
• «Менің – Отаным Қазақстан»- шығарма жазып келу.
• «Отан» тақырыбына альбом жасақтап келу.
Ой - қозғау:
1. Осы өлеңді ақын қандай көңіл - күймен жазған деп ойлайсың?
2. Ақын Отанды неге теңейді?
3. Отан несімен ыстық?
3 - слайд
Оқушыларымның кішкентай жүректерін өз Отаны – Қазақстан үшін қуаныш сезімі кернейді. Олар өздері жазған, салған шығармаларында еліміздің әсем табиғаты, оның пайдалы қазбалары туралы сөз қозғайды. «Еліміздің асқар таулары, шалқар көлдері, ұлан - ғайыр далалары бар»- дейді. Отанымыздың тұңғыш президенті Н. Ә Назарбаев туралы, Жаңа астанасы - Астана қаласы туралы мақтанышпен жазған. Олардың ойларынан туған жерге, елге деген асқақ сезімді көремін және сол үшін қуанамын, риза боламын.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Оқушылар, қазір біздер 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Алдымен топтарды таныстырып өтейін: І топ – Жерұйық тобы, ІІ топ – Алтын бесік тобы. Осы екі топ сайысу арқылы бүгінгі сабағымыздың «Жеңімпаз топ» номинациясына ие болады. Әр топтағы оқушылардың жауабына берілетін ұпай алдарыңыздағы бағалау бетшесіне құйылады.

4 - слайд "Кім көп біледі?"
1. Мақал - мәтел
1. Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған дала.
2. Отан оттан да ыстық.
Ал біздің халқымызда Отанын, атамекенін ардақтау сезімі өте терең. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата - бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген, өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы қасиеті жанымызға ана сүтінен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық
Оқушылар. Өзі өскен еліне, туған жеріне Отанына жыр арнамаған ақын жоқ. Бүгін біз осы өлеңдердің ұйқасын тауып, қисынын келтіріп Отан туралы жазған ақын Мұқағали Мақатаевтың“Отан туралы”
өлеңімен танысамыз

5 - слайд М. Мақатаев туралы бейне сюжет
• Автор туралы түсінік беру.
(1931 - 1976)
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа - тұс келген Мұқағали өлеңді он - он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960 - 1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
М. Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір - дастан" т. б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір - өзен" т. б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан - қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды

6 - слайд: Оқулықпен жұмыс
• Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
• Әр топ өлеңді екі жолдан мәнерлеп оқу

7 - слайд ІҮ. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қанат қағып алайық.
Аққу болып ұшайық,
Ұшып - ұшып алайық.
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп - жүзіп алайық.
Шаянға ұқсап былпылдап,
Қане айнаға қарайық.

8 - слайд бейне сюжет мультфильм "Менің Қазақстаным" үзінді көрсету
ІV. Жаңа сабақты бекіту.

9 - слайд. Дәптермен жұмыс. 1. Ақын қолданған өзенге, тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді тауып дәптеріне жазып алу.
7 - слайд Кесте сызбамен жұмыс
2. Өткен сабақта оқылған мәтін мен осы өлеңді салыстыр:
Ақындар: Отанды неге теңейді Екі өлеңдегі ұқсастықтар Екі өлеңдегі ерекшеліктер
Жақан Смақов
Мұқағали Мақатаев

V. Сабақты қорыту: 8 - слайд. Топтастыру стратегиясы " Отан дегеніміз не?"
VІ. Бағалау.
• Ұпай сандарын анықтап «Жеңімпаз топты» анықтау.
• Оқушыларды мадақтау, бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
• Өлеңді жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама