Қош келдің , әз Наурыз!
Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу.
Түрі: әдеби композициялық, танымдық
Көрнекілігі: салт - дәстүрге байланысты заттар, ұлттық тағамдар
Өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе сөзі
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)
Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықта әжелер,
Тойда бүгін ойнап - күліп тараңдар.
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Енді бүгінгі байқаудың шарттарымен таныс болайық
1. Әр ауыл өз ауылын таныстырады;
2. Үй тапсырмасы "Менің сүйікті тағамым" әр ауыл өз қолымен дайындап әкелген тағамын түсіндіреді;
3. Сұрақ - жауап;
4. Салт - дәстүрді дәріптеу;
5. Өз өнерін көрсету:
Гүл көңілдер қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді - деп келесі кезекті таныстыруға берейік.
Ал енді екінші сайысымызға келсек үй тапсырмасы. Әр ауылдан бір адам шығып өз қолынан дайындаған тағамын түсіндірсін.
Келесі сайыс сұрақ - жауап. Мына жасырын қағаздың ішінде сұрақ берілген соны бәріміз ақылдаса отырып жауап береміз.
Сұрақтар:
1. Ерулік беру дегенді қалай түсінесіз?
Ерулік - басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонақ шақырады.
2. Құдайы қонақ дегеніміз не?
Құдайы қонақ дегеніміз - бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.
3. Мәйек дегеніміз не?
Мәйек дегеніміз - жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.
4. Қымызмұрындық дегеніміз не?
Қымызмұрындық дегеніміз - бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға шақырады.
5. Тоқымқағар дегеніміз не?
Тоқымқағар дегеніміз - жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата - анасы тоқымқағар жасап, мал сойылып, үлкен кішіні шақырып қонақ етеді.
6. Ең көп сақталатын ұлттық тағам?
Ең көп сақталатын ұлттық тағам - құрт
7. Бастаңғы дегеніміз не?
Бастаңғы дегеніміз - үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарына тамақ береді.
8. Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде?
Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде - ол сыбаға.
9. Арнайы қонақ дегеніміз не?
Арнайы қонақ дегеніміз - алыстан әдейі іздеп келген тума - туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.
10. Үш арсызды ата?
Үш арсыз - тамақ, ұйқы, күлкі.
11. Жеті жоқты ата?
Жеті жоқ -
аспанда - тіреуіш жоқ
жерде - өлшеуіш жоқ
аққуда - сүт жоқ
жылқыда - өт жоқ
тасбақа да - талақ жоқ
таста - тамыр жоқ
балықта тіл жоқ
12. Беташар дегеніміз не?
Беташар дегеніміз - жаңа түскен келіннің бетін ашу.
Мақал - мәтелдерді жалғастыру:
1. Би болмасаң да -..........
2. Алтау ала болса -...........
Төртеу түгел болса -.........
3. Дүниесіз қыз болса да -.......
4. Айдағаны бес ешкі -..........
Жауаптары:
1. Би болмасаң да - би түсетін үй бол.
2. Алтау ала болса - ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса - төбедегі келеді.
3. Дүниесіз қыз болса да - кәдесіз қыз болмайды.
4. Айдағаны бес ешкі - ысқырығы жер жарады.
Ауылдарымыз дайын болғанша ортада "Бипыл" әні қабыл алыңыздар
Салт - дәстүрім жарасса,
Қайта түлеп жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша - деп келесі кезекті салт - дәстүрді дәріптеу.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)
Ел де тыныш! жер де тыныш – бұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы!
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думаннан басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған - деп ақ бата алайық.
Құрметті қонақтар. ата - аналар бүгінгі "Қош келдің, Әз Наурыз" атты мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі кезекті әділ қазы мүшелеріне берейік.