- 15 шіл. 2022 00:00
- 264
Құрбандық шалу
Мұсылман ер мен әйел азат, ақылы толық болса, қажеттілігінен артық мөлшерде малы немесе ақшасы бар болса, құрбан айтқа ниет етіп, айттың үшінші күнінің кешіне дейін бір мал союы уәжіп болады. Қажеттілік заттары: 1 үй, 1 айлық азық-түлік, 3 қабат киім, тұрмыстық заттар, қызметшілер, мінер көлік құралдары, кәсіптік кітаптар, қызметшілер және төлейтін қарыздары.
Құрбандық — қой, ешкі, сиыр және түйенің бірін құрбан айттың алғашы 3 күнінде құрбандық ниетімен сою деген сөз. Сиыр немесе түйені 7 адам бірігіп алып, союына болады. Бұл малдарды кедей адамға немесе қайырымдылық қоғамдарына тірідей садақа беру немесе ақшасын беру құрбандық болып саналмайды.
Құрбандық шалатын немесе дінге сай етіп соятын жерлерге, мысалы студенттер мен кедейлерге көмек беретін қайырымдық қорлары сияқты жәрдем ұйымдарына барып, діни дәстүрге сай түрде сойғызу керек.
Бір көзі көрмейтін, ақсақ, тістерінің жартысы жоқ, көзінің, құлағының және құйрығының басым бөлігі, алдыңғы немесе артқы бір аяғы кесілген, өте арық мал құрбандыққа шалынбайды.
Құрбандыққа шалынған мал мен барлық жануардың жеті жерін жеуге болмайды: аққан қанын, жыныс мүшесін, бездерін, қуығын, өтін, ұрғашы малдың алдын, жұмыртқа безін.
Құрбандық еттің үштен бірін үйіне, үштен бірін көршілеріне, қалғанын кедейлерге беру мүстаһаб. Барлығын кедейге беруге немесе барлығын үйде қалдыруға да болады. Терісі намаз оқитын кедей адамға беріледі немесе үйде қолданылады.