Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 21 сағат бұрын)
Құрылысшы болғым келед
Сабақтың тақырыбы: «Құрылысшы болғым келеді»
Сабақтың мақсаты: Сауат ашу ойын – сабақ барысында балалардың дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін кеңейту, өткен дыбыстарды және олардың әріптік таңбаларын ажырата отырып, ойлау қабілеттерін және шығармашылығын дамыту, құрылысшы мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі – құралдар: Үлгі суреттер, текшелер, желім, мақта, түрлі – түсті қағаздар, сіріңкелер.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, ойындар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе әңгіме.
- Балалар біз бүгін құрылысшы боламыз. Бүгінгі сабақта үй құрастырамыз. Үй салу үшін біз білімімізді тексеріп, бірнеше тапсырма орындаймыз.

Дидактикалық ойын: «Құралдардың иесі кім?»
Ойын барысында әртүрлі мамандық иесіне қажетті бірнеше құралдардың атын және оның иесін кім екенін допты лақтыру арқылы балалардан сұрау.
Мысалы: Қайшы, тарақ, айна қай мамандықтың құралы? (Шаштараздың). Мақта, ине, дәрі бұл қай мамандықтың құралы? (Дәрігердің).
Ал, енді келесі мамандық иесіне қатысты жұмбақ жасырамын, соны тауып көріңдерші?
Қолда темір қалағым,
Саздан сарай саламын. (Құрылысшы)
І тапсырма: Мына суреттердің ішінен біз өткен дыбыстарды тауып, сол сөзге сөйлем құрап, буынға бөлу.
ІІ тапсырма: Тәрбиеші ертегілердегі кейіпкерлерді атайды. Ертегінің атын табу (балалардың жауабы).
ІІІ тапсырама: Сіріңкенің ішінен біз өткен сандарды, геометриялық пішіндерді құрастыру.
IV тапсырма: «Буынға буын қос» деген ойын.
Мысалы: А - на, А - ға, Та - ға, А - па, Па - па, Пар - та, Са - ғат.
Ойын мақсаты: Балаларға сөздегі екінші буынды тауып айтуға үйрету.

- Балалар, тапсырма оңай болды ма? Сөздердің екінші буынын тауып, айта алдық па?
Тапсырманы бәрің жақсы орындадыңдар балалар. Енді үй құрастыруға кірісейік. Мына суреттердің ішінен өздеріңе ұнаған үйлерді құрастыруға болады. Осы кезде ортаға Мыстан кемпір кіріп келеді.
Мыстан кемпір: Ой, сұмдық – ай! Менің үйім жанып кетті. Енді не істеймін. Үштөбе қаласында № 97 «Ертөстік» балабақшасының «Бәйшешек» тобында құрылысшы ұлдар мен қыздар бар екен. Соны естіп келдім. Балалар маған көмектесесіңдер ме?
Балалар жарайды деп жауап береді.

Тәрбиеші:
Мыстан кемпір мына үйлердің ішінен саған қай үйді құрастырып берейік. Мыстан кемпір бір үйді таңдап алады.
Балалардың өзіндік жұмыстары. Балалар жұмысын талдау, оларды мадақтау.
Тәрбиеші: Ой, керемет, қанша көп Мыстан кемпірлер. Мыстан кемпірлердің әрқайсысының басында бір – бір үй бар.
Сабақты аяқтай отырып, Мыстан кемпір мен балалар би билеп, сабақты қорытындылау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама