Құтты болсын, жаңа жыл!
Тақырыбы: Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап»
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен? Тақпақ
Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақтар!
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аяз ата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.)
Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге айғайлап жатсыңдар жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Қоян: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
(Ортаға аю шығады;)
Мен балқұмар аюмын
Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін
Жылды қарсы алайық
Би билеп ән салайық.
- Айтпақшы маша қызым қайда? Балалар сендер көрген жоқ сындар ма?
Балалар: - жоооқ көрген жоқпыз!
Аю; ендеше маша келгенше ұйықтай тұрайын, сендер шуламаңдар жарай ма?
(ОРТАҒА БИЛЕП МАША ШЫҒАДЫ)
- Қандай әсем шырша! Не істесем екен? Хм – м - м жақсы мен аю келгенше достарымды шақырып тойлай тұрайын. ТАҚПАҚТАР САДИК
Машаны ортаға алып «қуыршақтар» биін билейді. Мұратай Сезім
Аю; оятып жібердіңдер ғой!
Маша; аю аға бұл мен ғой Машамын! Танымадыңыз ба?
Аю; ой, Машам екенсің ғой, қандай әдемі болып кеткенсің! Сен бірақ ерте кепсін жаңа жыл әлі басталған жоқ мен кішкене ұйықтай тұрайын, сен барып балалармен ойнай тұр. (Маша аюдың құлағын шұқып, әр түрлі әрекеттер жасайды. Аю ашуланады. Маша ренжіп шығып кетеді.)
Жүргізуші ортаға даярлық тобының тақпақтарын тыңдайық
Жүргізуші; - ал балар аяз атамыз кешікті ғой. Қане бәріміз аяз атаны шақырайықшы.
Балалар; Ау - у - уу. Аяз ата
(Ортаға аяз атаның дорбасын әрең көтеріп Маша шығады.)
Маша; Ой, ауырын ай! (Артынан аю келеді)
Аю;- Машажан, тоқташы, ұят болды ғой. Қайтадан апарып берейікші.
Маша; - Жоқ, бермеймін (бұртыйып)
Аяз ата; ой менің добым қайда? Кім алды екен?
Аю; аяз ата сен кешірші, Мына Маша ғой сіздің сыйлықты әкеткен
Аяз ата; Машажан, бұл балалардың сыйлықтары ғой, кел мен саған оданда сиқыршыны шақырайын келісесін бе? Ендеше амандасып алайын
Саламатсыңдар ма балалар?
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ
Дайындалдым жыл бойы
Кездесем деп сендермен
Таратсам деп сыйлықтар!
Ақшақар; Сүйсіндірген маңайды
Ақша қармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күнің көзі тарайды
(Сиқыршы балалар мен ойын ойнайды) Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен)
Би; Макарена
Жүргізуші; жаңа жыл келді
Жаңа жыр келді
Қанекей, балалар
3 рет дауыстап
Қол соғып шапалақтайық
Жүргізуші: маймылдар биін қабыл алыңыздар
Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Ән; Тауда туып тауда өскен(аяз атамен қол ұстасып шыршаны айналады.
Би: Жалқаубек биі
• Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Сау болыңдар, балалар
• Жүргізуші; жаңа жыл әр біріміздің отбасымызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жылды көңілді қарсы алайық!