Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 сағат бұрын)
Құттығай батыр

Саржала, Құттығай, Шұбар үшеуі құрдас екен, олардың бір-біріне деген сыйластығы, қимастығы ерекше болыпты деп ел әлі күнге аңыз етеді. Ұлы отан соғысының ардагері болған марқұм Жұмағали Айтбаев деген ауданымызда шежіреші қарты болды, ол кісі осы үш батыр туралы көп білетін. Саржала жорықта жүргенде екі ұлы, әйелі қайтыс болады, ол хабарды үйіне жеткізбей алдынан шығып естіртуді құрдасы Шұбар батырға тапсырады, сәлемді Саржала береді екен. Шұбарға «Ассалаумағалайкум» деп амандасқанда, құрдасы «атаңның басы» депті.

«Не болып қалды» деген сауалға:

— Не болсын, Аспаның аспанға ұшты, Зембілің жерге түсті (Аспан, Зембіл Саржаланың қайтыс болған ұлдарының есімі екен), әйелің қасына жатты, — дейді. Сонда Саржала:

— Апыр-ай, Жанбайым (еншілес інісі екен) тірі ме? — деп сұрайды, «Тірі» дегенде:

— Е, онда болды, бала-белде, қатын-жолда деген, — деп ауыр қайғыны сыр бермей көтеріп жүре беріпті-мыс.

Шұбар Құттығайдың немере туысы, әрі құрдасы, сан жорықтарға екеуі талай бірге шыққан. Құттығай ауырып жатқанда ақкөңіл, бір мінезді Шұбар қол жинап келіп сар- баздарына Құттығай жатқан үйді қоршатқызып, «Ажалды кіргізбеңдер!» деп күзеттіріп қойыпты. Құттығай қайтыс болған соң, «тоғыз ұлы бар Құттығай өлуге мүмкін емес, ол бізді сынайын деп жатыр», — деп үш күн бойы жерлеуге рұхсат бермей қойыпты. Құттығайдың мың жарым жылқысы бар екен, «соның бәрін Құттығайдың құрмандығына шаламын» деп әлек салыпты деген аңыз бар. Өзінің жандай құрдасы, жауға аттанған талай жорықтарда бір-біріне сүйеу болған, әрі жақын туысы Құттығай қайтыс болғанда, сыңарынан айырылған Шұбар батыр жанын қоярға жер таба алмай аласұрып күйініп, шығарға жаны басқа, қатты қиналса керек.

Оқуға кеңес береміз:

Жалаңтөс батыр

Елшібек батыр туралы

Бердіқожа (І нұсқа)


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама