Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 30 минут бұрын)
Қыдырәлі Болмановтың жағдайы жұртты алаңдатты: Желідегі видео елді шошытты

Желіде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Қыдырәлі Болмановтың Қарақат Әбілдинамен бірге тойда өнер көрсетіп жүрген видеосы тарап, көпшіліктің назарын аударды. Видеодағы әншінің көрінісін көрген желі қолданушылары оның денсаулығына алаңдаушылық білдіруде.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілердегі пікірлерде «Қыдырәлінің қаңқасы ғана қалыпты», «Немене болып кеткен?», «Әнші шаршап жүр ғой», «Кезінде ғашық болған Қыдырәлі қартайыпты» деген сияқты жазбалар көптеп кездеседі. Көпшілік әншінің жас ұлғайған сайын денсаулығының нашарлап кеткенін айтып, уайымдасуда.

Айта кетейік, Қыдырәлі Болманов биыл 62 жасқа толады. Ол әйелі, әнші Қарақат Әбілдинамен бірге өнер жолын жалғастырып жүр.

Жаңалықтар

Жарнама