Photo: Engin Akyurt (https://www.pexels.com/@enginakyurt) / Pexels
- 11 ақп. 2026 04:30
- 20
Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы Шешенстанның білім саласын басқаратын болды
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы Ахмат Қадыров енді республиканың білім беру саласын басқарады. Бұл тағайындау туралы Ахмат Қадыров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Ол білім саласы қоғам дамуының негізгі іргетасы екенін атап өтіп, бұл жауапты міндетті әкесі Рамзан Қадыровтың жеке өзі тапсырғанын жеткізді.
«Білім беру саласы әрқашан қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуындағы негізгі бағыттардың бірі болған және солай болып қала береді. Шешенстан Республикасы вице-премьері міндеттерінің жүктелуіне байланысты ұлттық көшбасшымыз, Шешенстан Республикасының басшысы, Ресей батыры Рамзан Ахматұлы Қадыров маған осы маңызды бағытқа жетекшілік етуді сеніп тапсырды», — деп жазды Ахмат Қадыров.
Қазірдің өзінде вице-премьер қызметін атқаратын жас шенеунік білім министрімен кездесіп, мектептерді жаңарту және оқу бағдарламаларын қолдау мәселелерін талқылап үлгерген.
-
Атыраудағы қайғылы оқиғаға күдікті ретінде танылған Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы, тележурналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, ұлына үндеу жасады.
-
Akhmat Kadyrov, son of Chechen leader Ramzan Kadyrov, has been entrusted with overseeing the republic's education system, a move highlighting the importance of the sector for societal development.