Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Ресей Украинадағы 30 күндік уақытша бітімге қатысты келіссөзге қол қойды

АҚШ пен Ресей басшылары Украинадағы соғысты уақытша тоқтату мәселесін талқылады. Кеше Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, қақтығысты 30 күнге тоқтату мүмкіндігін қарастырды. Әңгіме барысында Мәскеу белгілі бір шарттар орындалған жағдайда шабуылдарды уақытша доғаруға келісім білдірді.

Кремль жариялаған мәліметке сүйенсек, Ресей атысты тоқтату кезінде Украинаға жаңа әскери көмек жеткізілуіне және мобилизация жүргізілуіне қарсы. Сонымен қатар, Киевке батыстық қару-жарақ тасымалы тоқтатылуы тиіс. Келіссөздер аясында арнайы сарапшылар тобы құрылатын болды.

Бітімнің алғашқы нәтижесі ретінде қос тарап бүгін 175 тұтқынмен алмасуды жоспарлап отыр. Ресей тарапы ауыр жараланған 35 украин сарбазын гуманитарлық қадам ретінде босатпақ. Еуропа елдері бұл бастаманы оң бағаласа, Украина президенті Владимир Зеленский атысты тоқтатуға уақытша келісім бергенімен, әскери көмек жалғасатынына сенімді екенін жеткізді.

«Бұл біз үшін әділетті бітім емес. Батыстық әріптестерімізбен тығыз байланыстамыз, сондықтан Украинаға қару-жарақ жеткізу жалғасады деп сенемін», – деді Зеленский.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама