Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 31 минут бұрын)
Ресейде секонд-хендке сұраныс артты: Қазақстаннан да тауар келеді

Ресейде халықтың тұтыну мәдениеті елеулі өзгерістерге ұшырап, секонд-хенд киімдерге деген сұраныс күрт артты. Енді пайдаланылған тауарларды сатып алу ұят саналмай, күнделікті қажеттілікке айналған. Бұл үрдіс Қазақстанмен байланысты да жаңалықтарға себеп болып отыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көше саудасының жандануы

Ресей қалаларында көшелерде стихиялы жәрмеңкелер көбейіп кетті. Адамдар ағаштарға жіп байлап немесе жерге картон төсеп, сатуға жарайтын киімдерін, тіпті басқа да қолданылған заттарын жайып сатуда. Бұл көрініс 90-шы жылдардағы сауданың қайта жандануын еске салады. Мұндай сауда орындарына халық көптеп келіп, заттарды ақтарып, таңдап, саудаласуда. Сарапшылар мұны халықтың амалсыз «жанбағыс стратегиясы» деп бағалайды.

Экономикалық жағдайдың әсері

Ресейліктердің 43%-ы пайдаланылған тауарларды тұрақты түрде сатып алатыны туралы деректер бар. Бұған бірнеше себептер бар:

Қазақстанның рөлі

Ресейдің Еділ бойы, Орал және Қазақстанмен шектес аймақтарындағы секонд-хенд дүкендері Қазақстаннан жеткізілетін тауарлармен толығады. Алайда, бұл киімдер көбіне Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде жиналып, кейін Ресейде сатылады екен. Бұл жағдай көрші елдегі халықтың әл-ауқатының шынайы деңгейінен хабар береді.

Сапа мәселесі

Ресейдегі қайталама нарық негізінен өткен онжылдықтардағы сапалы киімдерге сүйеніп тұр. Алайда, соңғы жылдары Азия елдерінен, әсіресе Қытайдан әкелінген киімдердің сапасы төмендеп, бір-екі рет жуғаннан кейін түсі өніп, тігістері сөгіліп қалатын болған. Бұл жағдай сапалы «б/у» заттардың қорының сарқылу қаупін тудыруда. Нәтижесінде, жаңадан сатып алынған киімдер де тез тозып, бір-екі жылдан кейін сатуға жарамай қалуы мүмкін.

Ресейлік басылымдардың жазуынша, 80-90-шы жылдардағы неміс, скандинавиялық брендтердің, американдық джинсылар мен итальяндық былғарыдан тігілген киімдердің сапасы әлі де жоғары және олар ұзақ уақыт қызмет етуге дайын. Қазіргі таңда мұндай сапалы киімдерді табудың жалғыз мүмкіндігі – секонд-хенд дүкендері ғана.

Жаңалықтар

Жарнама