Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 минут бұрын)
Ресейден қашып келген халықаралық іздеудегі азамат Аршалыда ұсталды

Ақмола облысының аумағында халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды. Ол Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары 2024 жылдың қазан айынан бері іздеп келген.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейдегі қылмысы

Тергеу мәліметтері бойынша, аталған азамат 2024 жылы Ресей аумағында көлікті мас күйінде басқарып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазақстанға қашып келген

Қылмыстық іс тіркелгенімен, күдікті бой тасалап, Қазақстанға қашып келген. Кейін Ресей ІІМ-нің Свердлов облысы бойынша бас басқармасы оны іздеуге жариялаған.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар

Жарнама