Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Робот техникасы Қазақстан мектептерінде міндетті пәндердің бірі болуы мүмкін

Қарағандыда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен RoboLand халықаралық роботтехника фестивалі өтті.

Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қатысушылар 24 номинация бойынша бақ сынасқан. Фестивальға 800 баладан құралған 400 команда қатысты. Бағдарламада лабиринттер, механикалық және интеллектуалдық сумо жарысы, кегельринг және роботтарға арналған футбол, 3-D-прототиптеу, квадрокоптерларды басқару және т.б. болды.

Қазылар алқасына WRO халықаралық сыныбының судьясы, Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетінің мұғалімі Александр Капитонов басшылық етті.

«Фестивальдің ашылуына білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келді. Ведомство басшысы Қарағанды облысындағы роботтехникасы деңгейінің жақсы дамығанын атап өтті. Оның айтуынша, болашақта бұл сала мектеп бағдарламасына енгізіліп, міндетті пәндердің біріне айналуы мүмкін. Министрлікте қазір бұл мәселе зерттелуде», - деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Министр атап өткендей, мектептерге робот техникасын енгізу - негізгі міндеттердің бірі. «Біз әлемнің басқа елдерінен қалып кетпеу керекпіз. 2016 жылы жергілікті бюджеттің қаржыландыруы мен демеушілік қолдаудың арқасында 400 сыныптық-кешендік робот техникасын сатып алдық. 20 мың бала қосымша сабақ алды. Биыл оқушылар санын екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз», - деп келтіреді Ерлан Сағадиевтің сөзін баспасөз қызметі.

Қарағандылықтар фестивальға арнап еліміздің картасы кескінінде RoboLand Қазақстан бірегей полигонын жасады. Полигонды жасауға жарты жыл уақыт кеткен. Іс-шараның басты мақсаты - роботтехникасына деген қызығушылықты арттыру. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама