aikyn.kz
- 29 мам. 2026 05:30
- 56
Роза Рымбаеваның немересі сахнада әжесіне арнап өлең оқыды
Астанада Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның шығармашылық жолына 50 жыл толуына арналған кеш өтті. Бұл мерекелік шараға әншінің отбасы да арнайы келді. Кештің ерекше сәті – Роза Рымбаеваның немересі Зейіннің сахнаға шығып, әжесіне арнап өлең оқуы болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кішкентай Зейін әжесіне деген сүйіспеншілігін өлең жолдарымен жеткізгенде, зал іші жылы лебіз бен қошеметке толы болды. Көрермендер жас таланттың өнерін жоғары бағалап, оның әжесінің жолын жалғастыратынына сенім білдірді. Әлеуметтік желі қолданушылары да Зейіннің әжесіне деген махаббатын, өнерін мақтап, «Өркенің өссін, балапан!» деген тілектерін жаудырды.