Сабақтың тиімділігінің бағалау критерилері

1. Оқу үрдісінің заңдылығы
2. Сабақты талдау түрлері мен типтері
3. Сабақты талдаудың жалпы критерилері
4. Сабақты өзіндік талдаудың деңгейлері
5. Өзіндік талдау
6. Әдебиеттер
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу - тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс - әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
Оқу үрдісінің жалпы заңдылықтары:
1. Мақсат қою қоғамның қажеттілігі мен даму деңгейіне, білім үрдісіне қоятын талаптарына, тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты.
2. Мазмұнын айқындау оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқушының жас ерекшелік және жеке дара қабілеттеріне, оқытудың теориялық және практикалық даму деңгейіне байланысты.
3. Әдістерді таңдау оқытудың міндеттері мен мазмұнына, оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктері мен оларды қолдануына байланысты.
4. Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты.
5. Оқушылардың оқу іс - әрекетіндегі белсенділігі оқушылардың бойында ішкі танымдылық түрткілердің және сыртқы ынталардың (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тығыз байланысты.
6. Оқу үрдісінің тиімділігі барлық заңдылықтардың өзара байланысы мен ұйымдастырылу жағдайына тәуелді.
Оқу үрдісінің жекеленген заңдылықтары:
• дидактикалық өз құрамына үрдістің мазмұнды – процесуалдық сипаттамасын (мазмұны, тәсілдері, түрі, әдісі, формасы т. б.) қамтиды;
• гносеологиялық мұғалімнің басшылығымен оқушының қоршаған ортаның нақтылығын, табиғаттың, қоғамның және өз - өзін факторлары мен заңдылықтарын тану аспектілерін айқындау.
• психикалыққа оқушының оқу үрдісінің барысындағы айрықша ішкі психикалық (танымдылық) іс - әрекетіне қатысты.
• кибернетикалық оқу үрдісіндегі барлық байланыстың сан қырлығын, ақпараттық ағымының таралуын, ақпаратты меңгеруін басқаруды бейнелейді.
• әлеуметтік жалпы үрдіске қатысушылардың (оқушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, бағыттылық, оқудың әлеуметтік маңыздылығы т. б.) қарым – қатынасын қамтиды.
• ұйымдастырушылық оқу үрдісін интеллектуалдың еңбек (оқу мен оқытушылық еңбекті ұйымдастыру, олардың материалдық – техникалық жабдықталуы, ынталандырылу, өнімділік т. б.) негізінде айқындайды.
Оқыту заңдылықтарын білу оқу үрдісін әртүрлі нақты жағдайларда қолайлы құруға мүмкіндігін береді.
Сабақ талдау түрлері мен типтері
Сабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі:
Өзіндік талдаусыз мүмкін емес:
• оқытудың толық жүйесін құру;
• шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
• озат педагогикалық іс – тәжірибені жинақтау;
• техникалық жұмысқа уақытты жұмсауды қысқарту;
• мұғалімнің өзіндік қорғау мен психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.
Сабақ талдау типтері
1. – толық - мұғалім іс - әрекетінің стилін анықтау мен іс тәжірибесін, оқу – тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатынды жүзеге асырылады.
2. – қысқа - жалпы сапасын бағалау мақсатында және негізгі дидактикалық категорияларды айқындайды;
3. – кешенді – сабақты ұйымдасту формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлінін жан – жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақытыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда қолданылады.
4. – аспектілі – сабақты бір түрін терең қарастыру қажеттілігі туындаған кезде мұғалімнің іс - әрекетіндегі жекеленген амаладрың тиімділігі мен кемшіліктерін айқындау мақсатында қолданылады.
Талдаудың әр қайсының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялық, тбиелік, методологиялық, ұйымдастырушылық.
Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене тырып сабақтың бір аспектісіне (жалпы педагогикалық, психологиялық т. б.) сәйкес келетін жекеленген талдау жүзеге асырылады.
Сабақты талдаудың жалпы критерилері
Нәтижелік. Сабақтың нәтижелігі сабақты өткізу технологиясына тәуелді деп саналады, оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері орындауға негізделген және неғұрлым технология сапалы, соғұрлым сабақты нәтижесі жоғары. Сондықтан мұғалімнің және оқушының барлық іс - әрекеті қазіргі заманғы психолого – педагогикалық жетістіктерді ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
• танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;
• оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);
• оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;
• оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;
• оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;
• жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;
• қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;
• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету;
Сабақ құрылымы:
Кәзіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады.
Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылады, оқу материалының мазмұны, оқу іс - әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл - ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (класс құрамына, дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері т. б.) сәйкес құрылады.
Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылығына сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байқалады.
Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін:
• оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау;
• сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылығын бөлу;
• материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй тапсырмасын бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау;
• оқытудың ұтымды әдіс – тәсілдері, амалдарын таңдау;
• оқушыларға жеке дара және дифференциалды көзқарас;
• оқытудың қажетті оқу – материалдық жағдайын қамтамасыз ету.
Сабақтың тиімділігінің бағалау критерилері. жүктеу