Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Сәдуақас Сейфуллин

Сәкен Сейфуллин

«Тұла бойы тұнып тұрған ақындық еді, қара тырнағына шейін ақындық үшін жаратылған»

Ғабит Мүсірепов

Жазушы, көрнекті қоғам қайраткері Сәдуақас Сейфуллин 1894 жылы оныншы айдың он бесінде Қарағанды облысында дүние есігін ашқан. Сәкенді көрген-білгендер күн санап, ай санап азайып, көрмегендер көбейіп келеді. Көрмегендер көрсем, көргендер көре түссем екен дейтін болар бәлки. 

Көрген жандардың айтуы бойынша: қадалған көздер, әсіресе әйел заты оңай айырыла алмайтындай болыпты. Сырты – өте сұлу, кербез, еңсесін тік ұстайтын, іші – өте қарапайым, кішіпейіл еді, - дейді. 

Шығармашылық жылы жиырма жылға созылған. Желісі үзілмей келген бұл жиырма жыл аз уақыт емес. Күш – қуат, жалынды жастық шағы, өміріндегі қуаныш пен қайғысы, күйініші, мұңы, бақытты сәттері барлық болған жақсылы жаманды оқиғалар ортаға салынған жылдар. 

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді», - демекші  әр ғасырда мұралардың ең қымбаты – орынды айтылған сөз. Бір ауыз сөз – көңілді ашады, жылытпас көңілді жылытады. Сөз құдіретінің күші барлығына жетеді. Адам өмірден өтеді, бағалы зат, бұйым ескіреді, тозады жоғалады. Сөз болса мәңгі жасайды. Қазақ еліне, ұрпағына орынды сөйлеу арқылы өзінің атын жақсы жағынан қалдыра білген азаматтардың бірегейі, соны әдебиетімізге арқау ете білген Сәкен Сейфуллинді қай жағынан дәрежесін көтерсем де артық емес деп ойлаймын...

Кусаин Мөлдір Бақытбекқызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама