Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 40 минут бұрын)
"Сәкеннің тоқалы" деген атпен танылған әйел полицияға шағымданды

Әлеуметтік желіде өзін "Сәкеннің тоқалы" деп таныстырған келіншекке қатысты жағдай жұртшылықтың қызу талқысына түсті. Бірнеше күн бойы TikTok желісінде тікелей эфир жүргізіп, өмірі жайлы баяндаған ол, ақыры полицияға арыздануға мәжбүр болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атышулы парақша иесінің жауабы

Өзін ресми емес, тек "Сәкеңнің тоқалы" деп атаған парақша иесінің тікелей эфирлері көпшіліктің назарын аударды. Алайда, оның бұл әрекеті әнші Сәкен Майғазиевтің назарына іліккен. Желідегілер әншіге бұл туралы хабарлап, оның атынан жалған ақпарат таратылғанын айтқан.

"Таңертең үйіме полиция келді. Олар "кеше тікелей эфирде Майғазиевтің токалымын депсіз" деді. Мен ешқашан олай айтпадым. Мен "Сәкеннің" емес, "Сәкеңнің тоқалы" деп жаздым. Әріптерді шатастырды ма екен?" дейді парақша иесі.

Полицияға барып, түсіністік тапты

Кейіннен ол полиция бөлімшесіне барғанда, әнші Сәкен Майғазиев пен оның әйелінің де сол жерде болғанын көреді. Өмірінде бұрын-соңды кездеспеген әншімен және оның жарымен бірге болған келіншек, жағдайды түсіндіріп, өзара түсіністікке келгендерін айтады.

"Мен оларды өмірімде бірінші рет көрдім. Біз бір-бірімізді танымайтынымызды біліп, екеуіміз де таң қалдық. Соңында қол алысып, күліп, риза болып тарастық", – деп ағынан жарылды ол.

Жаңалықтар

Жарнама