Салауатты жас ұрпақ - қоғам байлығы
Салауатты жас ұрпақ - қоғам байлығы
Ашық тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділігі: Жастарға сот үрдісін көрсете отырып, олар қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтың тағдыры осы жастардың қолдарында екендігін ұғындыру.
Тәрбиелігі: Осы сот үрдісінде этнопедагогиканың элементтерін пайдалана отырып, ертедегі билеріміздің, үлкен ақсақалдарымыздың өсиеттерін екі етпей орындауға, имандылыққа, мұсылмандыққа жат қылықтардан аулақ болуға, жастармен өмірдің қиын мәселелерін біріге отырып шеше білуге, басқа да достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Жастарға өмірді, қоршаған қоғамды, адамзат балаларын жақсы көріп, оларды ұғына білуге, мойнына артылған жауапкершілікті дер кезінде шеше білуге, шешу жолдарын бірлесе іздеуге дағдыландыру. Өскелең ұрпақты демократиялы қоғамда өмір сүруге үйрету.
Сабақтың әдісі: Сот процесі
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тәрбие сағатына қатысты слайдтар, техникалық құралдар.
Мұғалім сөзі: Мұндай мәселені көтермеске, мұны айтпасқа бола ма...
Өмір адамға бір - ақ рет беріледі. Адамның тағдыры Алланың қолында, ол өзінің азды - көпті кешкен тірлігінде пешенеге жазғанын көріп, сезінеді дегенімізбен, қазіргі жастарға індет болып таралған «Суицид» деген пәле қайдан шықты? Оның сырын қайдан іздейміз? Неге біздің елімізде жастар өлімі көбейіп барады? Қалай ғана олар өз өмірлеріне жеңілдікпен қол сала салады? Өмірдің мәні неде? Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының жұртшылыққа жариялаған жантүршігерлік мәліметтерінен Қазақстанда соның ішінде біздің облысымызда бір жыл ішінде 15, ал Қызылорда қаласында жасөспірімдер 2 ай ішінде 10 суицид оқиғаларының көбейе түскендігін, өзіне - өзі қол салуға көбінесе олардың заң бұзуы, қылмыстық жауапкершілік алдында үрейленуі, шыдамсыздығы, төзімсіздігі, қорқақтығы, бүгінгідей нарықтық қатал қиындықтарының алдында қарсы тұра алмаулары себепкер болып отырғандығын біліп отырмыз. Өзіміз тәрбиелеп жүрген жастардың арасында психологиялық күйзелісті бастан кешіріп жүргендерін жиі кездестіреміз. Ендеше адам тағдырына келгенде жауапкершілікті тек ұстаздар мен дәрігерлерге жүктеп қана қоймай, жұмыла мойнымызға алуымыз керек. Оның бірден - бір жолы – жастар тағдырына немқұрайлы қарамай, оларға өздерін сүйетін жандар бар екендігін сезіндіріп, жер бетінде ұстап қалып, өлімнен гөрі өмір сүру үшін батырлық көбірек керек екен деген ойларын нығайтсақ деймін.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. Адамның ақыл – ойын, денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырып отыр. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. Адамның ақыл – ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс. Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын» насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі назарларыңызға ұсынып отырған қойылым салауатты өмір салтын сақтауға, жастарымыздың өмірде кездесетін қиындықтарға мойымай, әрбір атқан таңды қызыға да қуана ақ тілекпен қарсы алып, таза да дұрыс жолмен жүрейік
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадаммен бастаңдар!!! - дегім келеді
Сот процесіне қатысуға сотталушы «Суицид», 8 «в» сыныбының оқушылары қатысады.
Сот төрайымы: Әубәкір Арайлым
Мемлекеттік айыптаушы: Сматов Бағлан
Суицид: Нұрлан Айнұр
1 сот сарапшысы: Ғабитқызы Жаннұр
2 сот сарапшысы: Батырбай Жадыра
Қорғаушы: Қасымхан Жансая
Хатшы: Салима
Жеке айыптаушылар: Әбсамат Ернар, Қыдырбай Динара, Әбсадық Ақбибі
1 көрініс: «Төле би ауылындағы оқиға»
2 көрініс: «Суицидке дайындалған жас жігіттің тағдыры»
Сот төрайымы: Бүкіл Қазақстан Республикасы азаматтарын осы сауал қатты мазалап жүр, себебі қиял - ғажайып ертегілермен бір қазанда біте қайнаспайтын шынайы өмір осындай сауал алдымыздан көлденең шығып жүр. Соңғы кездері жастар мен жасөспірімдер психологиялық күйзелісті, яғни стресті, депрессияға, жан дертіне ұшырауын бастарынан кешіп жүргендерін жиі кездестіреміз.
Өмір адамға бір ақ рет беріледі. Ал бітпес тіршіліктің тауқыметіне қарсы күрес, өз несібеңді айырып жесең, соның өзі бақыт. Бірақ «соқтықпалы, соқпақты» өмірдің қиындығына кез - келген адам шыдай ала ма?
Шыдауы керек деп жұбату сөзді айту жеңіл болғанмен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал жүйкесі жұқалар бүгінгі тіршілігінен гөрі бақилық дүниені дұрыс көріп, «сол жаққа» мезгілсіз аттанып жатады, оларды кінәлау орынсыз шығар. Дегенмен...
Мемлекеттік айыптаушы сізге сөз беремін.
Мемлекеттік айыптаушы: Төрайым ханым, сот талқылауын сотталушының жауабынан бастап, одан соң сот сарапшыларынан сұрауды ұсынамын.
Сот төрайымы: Сотталушы, қарсылығыңыз бар ма?
Суицид: Жоқ
Сот төрайымы: Онда сөзді сотталушы «Суицид» сізге береміз.
Суицид: (Қара киінген, өзін еркін ұстайды, кердеңдей басып, кекірейе сөйлейді).
- Мен Суицидпін.
«Суицид» латын тілінен аударғанда «өзін - өзі өлтіру» дегенді білдіреді. Бұл ұғымға 19 ғасырда француз социологы Э. Дюркгейм анықтама берген.
Менің жақын достарым: Депрессия, яғни жан дертіне және Стресс, яғни, психологиялық күйзеліс. Осы достарымның көмегімен, мен жастарды психологиялық індетке жетелеймін. Біздің алдыға қойған мақсатымыз: «Адамның өз - өзіне қолданатын аяусыз жаза, өз «Меніне» ашылған соғысы». Қазіргі босбелбеу жастар жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы заттармен айналыспайды, не жеймін - не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді, сондықтан олар менімен тез достасады. Мен оларды өз достарыммен таныстырамын. Достарым оларды жазаға итермелейді, ал мен олардың түбіне жетемін.
Депрессияға, стреске шалдыққан адам, өзіне көңілі ешқашан толмайды. Осыны пайдаланып, буыны бекіп, өмір туралы өзіндік дүниетанымы қалыптасып келе жатқан жастарды желкесінен алып, жолынан тайдырамын, үмітін үземін, басқа түскен қиындықпен күресуіне жол бермеймін. Өмірден түңілдіремін. Тамаша емес пе? Ха - Ха
Сот төрайымы: Тоқтатыңыз!
Мемлекеттік айыптаушы: Төрайым ханым, процесске сарапшыларды шақыруды ұсынамын.
Сот төрайымы: Қарсылығым жоқ..
Бірінші сот сарапшысы: Елімізде кәмелетке толмағандар арасында 750 - ден астам фактісі мен 1146-дан астам әрекеттенуі болған. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Премьер - министр Серік Ахметовке кәмелетке толмаған жастар мен жасөспірімдер арасында суицидке итермелейтін факторларды төмендету үшін тиісті шаралар қолдану қажет екендігі айтылған ақпараттық хат жіберді. Өзін - өзі жазым еткен және оған әрекеттенген жасөспірімдердің орташа жасы 14-тен 17-ге дейінгі аралықты құрайды. Яғни олардың жүйкелік жағдайы әлі тұрақтанбаған кезеңге дәл келеді. Біз жасаған талдау кәмелетке толмағандардың өзіне - өзі қол салуға көбінесе олардың заң бұзуы, қылмыстық жауапкершілік алдындағы үрейленуі, қандай да бір әрекет жасағаны үшін ата - анасынан да немесе оқу орнында жасаған әрекеті үшін қорқуы себеп болатынын көрсетті. Сондай - ақ жасөспірімдерді өзіне - өзі қол салуға жеткізудің басқа да фактілері анықталды. Статистика бойынша жыл сайын әлемде 1 миллион адам өзіне - өзі қол салады екен, сонда әлемде 20 секундта бір адам өлетіні анықталды.
Мемлекеттік айыптаушы: Төрайым ханым, сарапшыға сұрақ қоюға бола ма?
Сот төрайымы: Қойыңыз.
Мемлекеттік айыптаушы: Сарапшы жолдас, суицидтің шығу себептерін айта аласыз ба?
Бірінші сот сарапшысы: Оның көптеген себептері бар:
- Нарық экономикасына байланысты ең өзекті мәселе материалдық тұрмыстық қиыншылықтар;
- Тұқым қуалаушылық фактілері;
- Отбасылық ұрыс - керіс, ата - ананың ажырасуы, жалғыздық, махаббатта жолы болмау, жыныстық қатынастағы әлжуаздық;
- Дімкәс денсаулық, психикалық сырқаттық, белсіздік пен бедеулік.
қылмыстық жауапкершіліктен қашу, істеген ісінің ұяттығынан қорқыныш;
- Оқу орнындағы даулы мәселелер мен сәтсіздіктер;
әртүрлі секталарға кіріп, одан шығу жолын таппау;
-«Өмір сүруден шаршадың ба?» атты арнайы сайтан интернет сайттар;
- Теледидардан көрсетіліп жатқан қарақшылық, жауыздық туралы фильмдер;
- Арақ ішу, насыбай ату, наркотиктер пайдалану – осының бәрі жастардың миына кері әсер етуі; т.б.
Мемлекеттік айыптаушы: Төрайым ханым, рұқсат болса, екінші сарапшыны шақырайық..
Сот төрайымы: Қарсылығым жоқ..
Екінші сот сарапшысы: «Өзіне - өзі қол салу» қазір төрткүл дүниені қатты алаңдатып отырған үлкен проблемаға айналып бара жатыр. Кез - келген өлімнің себебіне көз салсақ, өзін - өзі құрбандыққа шалу әлемде сегізінші орын алып тұр. Ал, жалпы өлім көрсеткіші бойынша бірінші орынды иеленеді екен.
Суицидке қарсы күреспесе, ол бүкіләлемдік қауіпке айналды. Әлемдік дерт төрт құрлық халықтың 11 пайызы өз - өзін құрбандыққа шалуға дайындық жасайтынын айтты. Көп жағдайда оның шығу төркіні анықталмай, жұмбақ жағдайда қалады. Бұл сырқат әйелдерге қарағанда, еркектердің арасында төрт есе жоғары. Қазір әлем бойынша 15 - 24 аралығындағы жастардың 80 пайызы өлім туралы көбірек ойлайды.
Сонымен қатар, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы суицид кедей елдерде ғана емес, қазір бай - қуатты елдерде өршіп бара жатқандығын айтып отыр. Бұл індет мұсылман, христиан, католик, будда діндеріне де қарамай, өрши түсуде. Мұны, жастар біле бермес, күллі мұсылман дінінде мұндай өзіне - өзі қол жұмсау өте жат қылық болған.
І көрініс. «Төле би ауылындағы оқиға».
Төле би - Әбсамат Ернар
Ауыл ақсақалдары – Еркебұлан, Бағдаулет, Қолқанат
Ауыл жігіті - Өтебай Мақсат
Төр ортасында Төле би бабамыз, қасында ауыл ақсақалдары, әңгіме дүкен құрып, сөйлесіп отыр. Есік ашылып, есіктен өңі қашып кеткен бір егде жігіт ағасы кіреді.
Жігіт ағасы: Ассалаумағалейкум, ағалар! Мен сіздерге бір жаманат хабар әкелдім, айтуға аузым бармай тұр.
Төле би: Тезірек айтсаңшы, не болып қалды?
Жігіт ағасы: Анау ауылдың шетіндегі, жарлы Ерденнің баласы, көрші ауылдың бір бойжеткенімен үйленбекші болып, құдалыққа әке - шешесін жіберсе, ол жақ бұларды менсінбей, рұқсатын бермепті, қызға да онымен кездесуге тыйым салыпты,- деп естігенбіз. Сол жігіт қорасына барып асылып өліп қалыпты. Мынау ауылға бір сұмдық оқиға болды.
Төле би: Астафираллах! Мұндай сұмдықты кім естіген.? О, тәңірім, мынау деген жастарға жұқпалы болып кетпесе не қыл дейсің. Алла тағалам, өзі шығарған жанын өзі алуы тиіс еді ғой, сұмдық - ай! Қасиетті Құран Кәрімде мұндай адамгершілікке жат әрекеттерге тыйым салынған еді ғой.
Ауыл ақсақалдары: Өз жанын өзі қалай қиды екен?
Ауыл ақсақалдары: Әке шешесін жерге қаратып кетті - ау, мына бейбақ, оларды неге ойламады екен.
Төле би: Жә, кінәлауға бәріміз дайынбыз. Дер кезінде көмек бере алмадық. Дегенмен де, бұл жастарға тез таралып кетуі мүмкін, сондықтан да біздің дінімізге жат қылық, жаназасы шығарылмасын, ауылдың бейіттерінен аулақ жерге апарып, оқшаулау жерге жерлеңдер. Бір ірі қараны құрбандыққа шалып, азаматтың жасаған жат қылығына Тәңірімнен кешірім сұрап, құдайы тамақ таратыңдар.
Жігіт ағасы: Құп тақсыр! (Жігіт ағасы шығып кетеді.)
Екінші сарапшы: Міне, төрайым ханым, осының бәріне мына отырған «Суицид» кінәлі, жастарға айтарым, екі өмір жоқ. Адамға өмір бір - ақ рет беріледі. Әрбір атқан таңға қызығып, ақ тілекпен қарсы алып, білімді де, сауатты жастар болып өсуге шақырамын. Бізді жарқын өмір күтіп тұр, соны ұмытпайық....
Мемлекеттік айыптаушы: Қорғаушы ханым, біздің елімізге осы жаман әдеттер және мына Суицид деген пәле қайдан келді? – деп ойлайсыз?.
Қорғаушы: Сіздер мына айыпталушыға бәрін жаба бермеңіздер. Соңғы кездері қоғамымызда демократиялық үдерістермен бірге еріп келген жаман аурулар мен әдеттер, дені сау адамның түсіне кірмейтін кісі шошырлық қылмыстық әрекеттер өршіп барады. Қоғамды ішінен ірітіп бара жатқан нашақорлық, маскүнемдік, оған келіп қосылған СПИД ауруы секілді зардаптардан қалай құтқаруға болады. Осындай дерттердің салдарынан машинаның астына түсіп, балконнан құлап, асылып өлгендер қаншама?. Ол шындық. Біреуге бар жаланы жаба бермей, одан да жастарға: «Өз өмірлеріңді өздерің қысқартпаңдар» деп кеңес берейік.
Сот төрайымы: Енді айыптаушылар мен куәлардың сөзін тыңдайық.
Хатшы: Жеке айыптаушы Әбсамат Ернар шақырылады.
Жеке айыптаушы Әбсамат Ернар өз дос баласының басынан кешкен оқиғасын баяндайды.
Сот төрайымы: Тыныштық сақтаңыздар! Ендігі сөз кезегін Суицидтен жәбір көрген айыптаушыға береміз.
Хатшы: Куәгер Қыдырбай Динара шақырылады.
Куәгер дос баласының өмір жолын баяндайды.
2 көрініс. «Суицидке дайындалған жас жігіттің өмірі»
Суицидке дайындалған жас жігіт: Өтебай Мақсат
Бұзақы балалар: Ернар, Еркебұлан, Бағдаулет
Ортаға жас жігіт шығады, түрі қайғылы, еш нәрсеге зауқы жоқ дел-сал. Түрлі музыка ойнаған сайын, басын ұстап, құлағына әркімнің дауыстары естіліп, мең - зең қалыпқа түседі.
Сот төрайымы: Осындай қайғы - қасіретті басынан кешкен тағы бір куәгеріміз бар.
Хатшы: Куәгер Әбсадықова Ақбибі шақырылады.
Куәгер өзінен үлкен бауыры жайлы баяндайды.
Сот төрайымы: Айыптаушы, қорғаушы қосатындарыңыз бар ма?
Мемлекеттік айыптаушы: жоқ.
Қорғаушы: жоқ
Хатшы: Сот шешім шығаруына байланысты, үзіліс жарияланады.
Үй тапсырмасы: « Өмірдің мәні неде?» оқушы шығармашылығы ой - толғау.
1. Сұлтан Айжан
2. Батырбай Жадыра
3. Қасымхан Жансая
4. Қыдырбай Динара
Хатшы: Тұрыңыздар, сот келе жатыр.
Сот төрайымы:
Қызылорда қаласы № 197 қазақ орта мектебінің соты - сотталушы «Суицидті» Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96 бабының 3 бөлігінің 7 тармағымен айыптау жөнінде іс қаралып, өз жұмысын аяқтады.
Бүкіл Қазақстан Республикасын мазалап жүрген, мұсылман дініне жат қылық «өзіне - өзі қол жұмсау», қазіргі босбелбеу жастарды теріс жолға итермелегені, өмір сүруге, қиыншылыққа төзуге жол берілмей, оларды жолдан тайдырғаны анықталды.
Суицидтің бүкіл әлемдік қауіпке айналғандығы дәлелденді. Жастар мен жасөспірімдер бастарына күн туған кезде, проблемадан шығу жолын таба алмай, өмірден түңіліп Суицидтің шылауына ілесіп, өз өмірлерін өздері қысқартқандары дәлелденді. Суицид - әлемдік індет екендігі танылды. Жоғарыда айтылғандардың барлығы қарастырыла отырып, сот мынадай шешімге келді.
Қазақстан Республикасының атынан:
Сот шешімі:
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96 бабының 3 бөлігінің 7 тармағына сай «Суицид» түп тамырымен жойылсын!
2. Атқару өндірісі бір сәт кідірілмей бірден орындалсын.
(сот залынан қолы артына қайырылып, Суицидті сот приставтары алып шығып кетеді, жастар ризашылық демеулерін білдіріп, «Көзі жойылсын!», «Бізден аластатылсын!» деген сөздермен шығарып салады.
Сот төрайымы: Сот отырысын жабық деп жариялаймын.