Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сәлем түзелмей әлем түзелмейді
ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді..
Мақсаты:
Білімділігі – оқушылардың адамгершілік тәрбиесінен білік – дағдыларын қалыптастыра отырып, осы бағытта өзге елдің салт - дәстүрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы – Жалпы адамгершілік қасиеттерін дамыту, осы сабақтағы әдістердің бірі – тіл дамытушылығына баса назар аудару. Нақыл сөздердің мағынасына, тәрбиелік жақтарынталдап, саралау.
Тәрбиелілігі – адамгершілік тәрбиеге тоқталу арқылы оның ішінде алғашқы сәлемдесу әдебінің маңызын аша отырып, адамшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: әртүрлі үлгі сөздер, адамгершілік тәрбиесі кестесі (көріністер, оқушылар көмегімен)

Жоспары:
І. Кіріспе «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді».
ІІ. Әр елдің салты басқа (амандасу түрлерін айтып көрсету)
ІІІ. Ишарат – ым, қарым – қатынас (тренинг)
ІҮ. Жақсы сөз – жан азығы.

Көрнекіліктер:
1. Сәлем – сөздің анасы.
2. Сәлем беру де парыз,
Сәлем алу да парыз.
3. Отан – отбасынан, тәрбие – құлақтан.
4. Сәлем беру - өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

І. «Әссалаума әлейкум» - деп дидар несіп еткенде
Қол алысып, көңілденбес жоқ пенде.
Күн нұрындай сәлеміне адамның
Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе!

Әдеп, мәдениет – амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп - кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ – адал, таза екенін білдіру.
Мысалы, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, отырғандарға сәлем беруі керек.
Қауышып, амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады. Жастар қол алысып, арқа, иық қағысып та амандасады. Қыздар бір – бірімен құшақтасып, сүйісіп, жай қол алысып немесе «Сәлеметсіз бе?», «Есен – саусыз ба?» деп амандасады.
Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары барлық мұсылман елдеріндегідей, «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, ол «Сізге Алланың нұры жаусын» - дегенді білдіреді, оған жауап, яғни, сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалейкум ассалам» сөздері «Алланың рақым нұры сізге де жаусын» дегенді ұқтырады.

1 – оқушы: Жапондар таныстарын көрген жерде қолын алдымен беліне, одан кейін иіліп тізесіне дейін апарады. Сол еңкейген қалпы мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды. Жапондарда ондай тәлім етудің – басы жерге жеткенше еңкею, орташа бүгілу және сәл иілу сияқты түрі бар. Осыған ұқсас сәлем беру әдеттері біздің халықта да кездеседі. Мәселен, қазақ келіндері қайын ата мен енелеріне, үлкендерге тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем салады.
2 – оқушы: Ертеде Африкадағы, Орта және Кіші Азиядағы мұсылман халықтары оң қолын жүрегінің тұсына апарып, тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған. Ауғандар алдымен қолын маңдайларына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Ол «Басымыз аман болсын» дегені.
3 – оқушы: Ерте кезде Қытайда дос – жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты.
4 – оқушы: Француздар бір – бірінің маңдайынан сүйіп амандасады. Өзара мұрындарын сипасып, бір – бірін иіскеп, амандасатын халықтар да бар екен.
5 – оқушы: Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы адамдарының қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады, оң, сол маңдайларын түйістіреді.
6 – оқушы: Сәлемдесуден кейін хал – ахуал сұрасу да әдепке, көрегенділік пен естілікке жатады. Мұнда да әр халықта әрі басқа қалыптасқан жора – салттар бар. Мысалы, орыстар: «Денсаулығыңыз қалай?» дейтін болса, ертедегі мысырлықтар «Қалай, сіз терлейсіз бе?» дейтін болған. Гректер «Қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар «Бүгін тамақтандыңыз ба, қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды екен.
Жалпы ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп, амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып, «Жол болсын!» деп тілек айту дәстүр болған. «Алты жасар бала келсе, алпыстағы шал барып сәлем береді» деген мақал соның айғағы.

ІҮ. Жақсы сөз – жан азығы.
1. Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
2. Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
3. Сәлем беру де парыз,
Сәлем алу да парыз.
4. Сыпайылық – жан азығы, көрегендік – ой қазығы.
5. Отан – отбасынан, тәрбие – құлақтан.
6. Айтар сөзің қандай болса, еститұғын сөзің де сондай болар.
Осы нақыл сөздердің мағынасын ашып, талдау.

Қорытынды: «Сәлем беру - өткінші міндет емес, өмірлік міндет». (бетін жауып, мақал айту арқылы ашу)
Жасырын осы нақыл сөзді тауып, тақырыпты қорытындылау.

1 сұрақ. Ғасырдың ұлы оқиғасы? (Тәуелсіздік)
2 сұрақ. Дау – дамай туғызатын шығарма? («АзиЯ» О. Сүлейменов.)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама