Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ерлік ұрпаққа мұра
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ерлік - ұрпаққа мұра.
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.
Көрнекілігі: шарлар, ұрандар, Ауғанстан жерінің картасы.

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мерекелік әдеби - музыкалық монтаж.
ІІІ. Ауған соғысының ардагерлерімен сұхбат.
ІҮ. Құттықтаулар.
Өту барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мерекелік әдеби - музыкалық монтаж.

Кіріспе сөз
Мұғалім сөзі: 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов, Н. А. Громыко Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қатысып, олардың 761 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 23 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мұра, ұрпаққа - ұран» болатыны белгілі. Соның бір үлгісі ретінде ауған майданының ардагер жауынгерлеріміз ортамызда. Бүгінгі біздің «Ерлік - ұрпаққа мұра» атты тәрбие сағатымыздың «Интернационалист – жауынгер» сізге арналады.

Бейбіт жастар тірлігіне Ауғанстандағы шиеленісті жағдай, арты соғысқа айналған сұмдықтың ызғары келіп араласты. Интернационалист – сарбаздар атанған қыршын жастар автомат оқпанын қыса ұстап, көрмеген - білмеген, таулы - тасты Ауған жеріне тағы да соғысқа аттанды.

Шыңғырлаудың ауасы дарып, суы ширатқан бауырларымыз бұл соғыста да тамаша ерліктің үлгілерін көрсете білді. Бұл күнде аудан орталығында Ауған жерінде қаза тапқан Д. Хамитов және сол сияқты әскер қатарынан оралмаған Д. Бесчасов, С. Гоптаренко, Р. Каймулдиев сынды боздақтарға ескерткіш – белгі қойылған. Осы жерде сонау қуғын - сүргін заманынан зар тартып, сыр шертер жазықсыз қудаланғандар ескерткіші де орын алған. Бұл үнсіз белгілер келешек ұрпаққа Шыңғырлау шежіресінен, оның өткенінен сыр шертетін болады.

Ауған қанды қасабынан аман оралған жерлестеріміз Б. Баймукашев, С. Бадьяков, В. Николаев бүгінде халық шаруашылығының әр түрлі салаларында қызмет етуде.
Дидардың әкесі Тілеухайыр ағамыз ұлын кішкентай шағынан – ақ қазақ халқының мақтаны болып келе жатқан батыр бабаларымыз – Абылай хан, Бөгенбай, Наурызбай рухын үлгі етіп өсіруге тырысты. Өзі де мектепте мұғалім Тілеухайыр аға Отан, туған ел мен жер туралы бала қиялының қанаттануынан еш білгенін аяған жоқ. Жанұядағы биік рухани талғам бала тәрбиесіне оң әсерін тигізбей қоймады. Дидар кішіпейіл, еңбекқор болып өсті. Мектепте де үздік оқушының бірі болды. Мектептен соң әке рұқсатымен ДОСААФ - қа түсіп жүргізушілік курсын бітірді. Іле – шала 1979 жылы мамыр айында әскерге шақырылды. Жүргізуші мамандығын әскерде жалғастырған Дидар білікті жүргізушіге айналды. Алайда сәл кейін бұл біліктілік нағыз қанды қасап – соғыс ішінде талай жәрдемін тигізді. Өйткені ол сол кездегі Ауған жерінде әскери қызметте еді. Ол үнемі үйге хаттар жолдап отыратын, елге оралатын кез де жақындаған болатын.

Ауғанстан. Тілі мен тілегі бөлек, ой - шұңқыры таныс емес осынау жат елде әскери жауынгерлер иығына ел басшыларының саяси қателігінің зіл салмағы түсіп еді. Тоңмойын тоталитарлық саясат Ауғанстанда гүлденген өңір, мамыражай өмір жасаймыз деп жергілікті жұртшылықты үгіттеумен болды. Осы мақсатты ауыл – қышлақтарға үгіт бригадалары барып жұмыс істеді. Экономикасы құлдырап, мешеу қалған, аштық пен ауру жайлаған бұл елдің халқына гуманитарлық жәрдем көптеп жасалынды. Үздіксіз ағылған азық - түлік, дәрі - дәрмек т. б. көмек керуендері бұқара халықтың кейбір бөлігін аштық пен ауру тырнағынан аман алып қалды. Дегенмен бір үзім нан, шынайы жәрдемнің өзі кездейсоқ атылған оқ, жарылған бомбадан опат болған туыс пен бауыр орнын толтыра алар ма. Бастарына төнген барша соғыс зауалын әскерилерден көрген халық бәрібір қайраулы қанжарын жең ішінде ұстаумен жүрді. Кез – келген ұтымды сәт біздің Кеңестік жауынгерлер үшін қапысыз қауіп сәті болуы әбден мүмкін еді. Бұл аты жоқ соғыс, себепсіз сұмдық 15 мың жастың өмірін қиды. Сол кездегі соқыр саясаттың тажал ізі әлі күнге жарасы жазылмайтын дертке айналды.

Дидар да осы қанды - қырғын ішінде көлігін тоқтатпай жүріп келе жатты. Кідіру, іркілу мүмкін емес еді, өйткені ол - балаларды нансыз, жолдастарын оқсыз, дәрі - дәрмексіз, яғни дәрменсіз қалдырумен тең еді. Ауған жерінің тау жолы менен мұз тайғағы, қар көшкіні секілді қауіптің бәрін ұмыта жүріп, тәулікті – тәулікке ұластырып жұмыс істеуге тура келді. Оның жүкті уақытында, айтылған жерге жеткізуден басқа ойы да, мақсаты да болған емес, әрине арман қуып, қиялдайтын кезең емес еді бұл. 1980 жылдың 19 маусымына дейін ол ажал аранынан сытылып – ақ кетіп жүрді. Әрбір бұрылыс, әрбір асудан тосқан қауіп ызғары жүргізушілер үшін аса қауіпті де еді. Тап сол күні «аңдығанын алмай қоймайтын» ажал азуы қайран жасты қорғасын табытқа алып ұрған еді. Оның машинасы жол жиегінде атылған оқтан сау - тамтығы жоқ, жанып жатты.

Бұл әлі уыты тарқамаған, еске алу қиынға түсетін аса ауыр қаза. Жаңа жапырақ жайған жас өмірдің мезгілсіз, себепсіз орылуы еді. Бірақ ол өз халқының атын әлемге бірнеше қайталатып, ұлт рухын биік ұстап кетті. Қазақ деген халықтың ұлдарының табанды, төзімді де ержүрек келетінін дәлелдеп кетті. Бүгінде ер ұланның туған ауылында мектепке аты берілген, ол отырған парта үздіктер ғана отыратын аяулы орын. Өзі мәңгі мекен тапқан зираты да осы Шыңғырлау ауылында.
«Ауғанстанның разы халықтарынан», «Интернационал – жауынгер» медальдары мен қаза тапқаннан кейін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. КСРО Жоғарғы Президиумының Құрмет грамотасын иеленген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама