Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
Салт - дәстүрім таусылмайтын байлығым
Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу.
Дамытушылық: көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің бала өміріне пайдалылығын ұғындыру, ұлттық құндылықтардың өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру
Тәрбиелік: өз ұлтына, әдет - ғұрып, салт - дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Салт - дәстүр бұйымдары, слайдтар, т. б.
Мұғалім: Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал балаларды жан - жақты қабілетті адамзат етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің, тәлім - тәрбиелік, білім танымдық рөлі орасан зор. «Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз салт - дәстүрімізді әдет-ғұрпымызды, ұлттық құндылықтарымызды асыл қоймасындай сақтады. Өнерлі халық - өміршең халық. 3 - сынып оқушылары ата - аналарының қатысуымен қазақтың әдет - ғұрпына, салт - дәстүріне, ұлттық мұрасына бағытталған «Салт - дәстүрім таусылмайтын байлығым» атты ашық сабағымызды көріп тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің көргін.
2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар! «Салт - дәстүрім таусылмайтын байлығым» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1 - жүргізуші: Біз егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың тарихын, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мұрасын, мәдениетін, әдет - ғұрпын білуіміз керек.
2 - жүргізуші: Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз деп тастаған,
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.
Сабағымызды бастамас бұрын салт - дәстүрлер туралы қысқаша түсінік беріп өтсек.
Шілдехана - Жаңа туған нәрестенің құрметін. е жасалатын той.
Бесікке салу - Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы.
Қырқынан шығару - Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан - жүйесінің қалыптасып, дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
Тұсаукесер - сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалынатын ғұрып.
Ат қою - қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
Айдар. Бабаларымыздың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.
Кекіл. Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қияды.
Базарлық - алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.
Байғазы - балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Тілашар - баласы 7 жасқа толған соң, балаға жаңа киім кигізіп, оқу - жабдықтарын дайындап шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар той» деп атайды.
Асату - ет желініп болған соң, төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жас жігіттерге асатады.
Сүйінші - Қуанышты хабар жеткізуші адам. Сүйінші! Сүйінші! - деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал!»- дейді немесе оған риза болатындай сыйлық береді.
Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр.
Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
Енші. Балалар ер жетіп, жеке үй болғанда ата - анасы дүние - мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады.
Аманат. Бір адамның екінші біреуге беріп жіберген заттары аманат деп аталады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды.
Сыбаға. Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын - жуығына сақтаған кәделі ет мүшелері.
Жеті ата. Халқымыздың кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуге міндеттеген. (Өз жеті атасын атап шығу)
Сұрақ қою.
Балалар, біздің мектебімізде айдар қойып жүрген бала бар ма?
- Бар.
- Ендеше, сол оқушының ата - анасын ортаға шақырайық.
- Сіз балаңызға айдарды не үшін қойдыңыз?
- Оның мәні неде?
- Рахмет, сізге!
1 - жүргізуші: Ата салтым - асыл мұрам, ардағым,
Бабаларымыздың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Балалар барлығымыз халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрыптарын сақтап құрметтейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.