Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сан есім
Тақырыбы: Сан есім
Мақсаты. Сөз таптары және олардың түрлерімен таныстыру. Сан есім туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушының қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқушыны жауапты болуға, сауатты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақ түрі; жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушыларды түгендеу, сынып даярлығы
Жаңа сабақ
Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы сан есім деп аталады. Сұрақтары: қанша, неше.
Мысалы: он алты, жүз бір, жиырмасыншы.

Тапсырмалар.
1. Ішінен сан есімдерді тап.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар
Сегіз қырлы,
Бір сырлы.
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Білімді мыңды жығады.
Тоғыз белбеу, қос шүмек.
2. сан есімдерді қатыстырып мәтін құрап жаз.
3. Сөйлемдегі сандарды сөзге айналдырып, ертегі құрап жаз.
4. Сергіту сәті
5. «Кім білгір» ойыны

Мақал - мәтелдер құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімдерді тап.
Жеті атасын білмеген жетесіз.
Қызға қырық үйден тыйым
Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Білгенің бір, білмегенің тоқсан тоғыз.
Бала жетіге келгенше жерден таяқ жиді.

6. Қызықты тапсырмалар.
Он бір түйе бес жылқы,
Екі сиыр бес ешкің.
Екі оян, үш ешкі,
Таба алмасаң бол күлкі.
Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт жүргенін айырып.

Қорада үш үйрек,
Аулада бес үйрек.
Барлығын қосқанда,
Болады қанша үйрек.

7. Сабақты қорытындылау.
Сан есім дегеніміз не. Сан есімге мысалдар келтіру.
Үйге тапсырма, бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама