Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Сан есімді бекіту
Сабақтың тақырыбы: Сан есімді бекіту (слайд)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Өтілген сөз таптарын қайталау, сан есім туралы түсіндіру барысында жаттығулар орындау.
Дамытушылық. Сөз таптары туралы ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, қатесіз көркем жазуға, әсемдікке тәрбиелеу.

Үй тапсырмасын тексеру:
420 – жаттығу. Көп нүктенің орнына заттың санын білдіретін сөздерді қойып, көшіріп жаз.
... ақ лақ,... жасыл көрпе,
... жаңа сандық,... ауыр жүк.
Заттың санын, сынын, атын білдіретін сөздерді ата. Оларға сұрақ қой. Сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
Үлгі: екі ақ лақ,...
Өткенді қайталау
“Бәйге”ойыны
Сөз табы
Зат есім
Зат есім дегеніміз не?
Жалқы және жалпы есімдер дегеніміз не?
Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не?
Етістік
Етістік дегеніміз не?
Етістік нешеге бөлінеді?
Етістік қандай сөз таптарынан жасалады?
Сын есім
Сын есім дегеніміз не?
Сын есім нешеге бөлінеді?
Негізгі және туынды сын есім дегеніміз не?

Сан есім
Сан есім дегеніміз не?
Есептік сан есім дегеніміз не?
Реттік сан есім дегеніміз не?

Қызығушылықты ояту
Киіз үй қанша?
Шаңырақ қанша?
Кереге нешеу?

Тест тапсырмалары
1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
а) қандай? қанша?
ә) не? нешінші?
б) қанша? неше?
2. Сан есімді көрсетіңдер:
а) бес
ә) есептік
б) белсенді
3. Сан есім... болып бөлінеді
а) есептік, реттік, қатарлық
ә) қатарлық, кезектік
б) есептік, реттік
4. Сан есімді көрсетіңдер
а) бес, сана, ұйықта
ә) елу бес, жас, кәрі
б) қырық, елу, жүз
5. Берілген сөздер қай сөз табына жатады?
Екінші, бес, алпыс алты
а) сын есім
ә) сан есім
б) есімді
6. Жұмбақты шешіңдер.
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар
а) ешкі
ә) қой
б) арқар
7. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар
Ер... рет өледі,
Қорқақ... мың рет өледі.
а) бір, бесінші
ә) бір, мың
б) бір, көп

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама