- 05 нау. 2024 01:30
- 119
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтарды қайталай отырып, оқушылардың білім деңгейін тексеру
Міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың табандылықпен шешім қабылдау, оны дәлелдеу, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру арқылы білімін арттыру
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамытуға, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі - түсті қағаз, маркер, бейнекөрсетілім.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
5 сыныптардан 2 топ шығады. Топта 6 оқушы болады. Сайыс 8 бөлімнен тұрады. Бағалау балл түрінде болады. Тез және толық жауап берген топ жоғарғы ұпай алады.
1) Назар аударыңдар!
2) Ребустар
3) Сөзжұмбақ
4) Ерекшелігін тап
5) Басқатырғыш
6) Ал, қанекей, шешейік!
7) Жалғасын тап!
8) Ойлан тап!
«Назар аударыңдар!» бөлімінде өзін өзі тану пәніне байланысты бейнекөрсетілім ретінде өсиет әңгіме ортасына дейін көрсетіледі. Өсиет әңгіменің соңын әр топ өзінше аяқтайды. Кейіннен өсиет әңгіменің тура шешімі көрсетіліп, әділ қазылар бағаларын береді.
«Ребустар» бөлімінде ребус беріледі.
«Сөзжұмбақ» бөлімінде оқушылар сөзжұмбақты шешеді.
«Ерекшелігін тап» бөлімінде екі сурет беріледі. Сол суреттің 5 ерекшелігін табу керек.
«Басқатырғыш» бөлімінде ойлау қабілетін және шапшаңдығын тексереміз. Шиден құрастырылған балықтың 3 шиін ауыстыру арқылы балықты келесі жаққа бұру керек.
«Ал, қанекей, шешейік!» бөлімінде жұмбақтар беріледі.
1. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы.
(Мектеп)
2. Қабы сояу,
Діні – бояу.
(Қарындаш)
3. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
(Сызғыш)
4. Бір санға өсірді,
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді.
(Класс)
5. Оқуыма төреші,
Тоқуыма төреші.
Парақтасам байқалар.
Білімімнің өресі,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесі.
(Күнделік)
6. Түсi аппақ,
Тысы қатты - ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi - ақ.
(Жұмыртқа)
7. Бұлтты айналды аспандағы
Қарға айналды асқардағы
(су)
8. Сақтауға, сатуға болмайды,
Күймейді, тіпті де тоңбайды.
Дымы жоқ, үні жоқ, мұңы жоқ.
Көріп пе ең, апыр - ай, мұндайды?!
(көлеңке)
«Жалғасын тап!» бөлімінде мақал - мәтелдердің жалғасын табу беріледі.
Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Бірлік болмай тірлік болмас.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
Сабыр түбі сары алтын.
«Ойлан тап!» бөлімінде мына суретте неше жылқының суреті бейнеленгенін табу керек.
Қорытынды: марапаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.