Сәндік сылақ
№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: Қ-55 топ студенті – Құттымұрат Балнұр
Бүгінде құрылыс гипермаркеттерінде әрлеу материалдарының алуан түрлерін кездестіреміз. Кез-келген адам өз талғамына және алатын затының құнына байланысты таңдау жасауға мүмкіндігі бар. Барлық құрылыс материалдарының ішінен «сәндік сылақ қоспаларын» ерекше атап өтуге болады. Олар қолданыста оңай және ыңғайлы, сонымен қоса қабырғалардағы тегіс емес аймақтарды жөндеуге және басқа да олқылықтардың орнын толтыруға көмектеседі.
Сылақ жүргізілген, дайын қабырғалар көз тартады және бұндай қабырғаларды жуу да аса қиын емес. Кең ауқымдағы түстер палитрасы мен сан түрлі текстуралар арманымыздағы интерьерді жасауға септігін тигізеді. Сәндік сылақ түрлерінің аса кең таралғандары: венециандық сылақ, құрылымдық сылақ және сәндік бояу. Қазіргі заманғы өнімдер алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Кез келген интерьер түрін бірегей және эксклюзивті етуге мүмкіндік жасайды. Осындай әрлеу түрі қызыл ағаш, мәрмәр, мата және басқа да материалдарды имитациялауға өте ыңғайлы.
Модерн, арт-деко және классикалық стильдерде сәндік сылақ мінсіз әдемі көрінеді. Оған қоса бұл материал кез келген жиһаз түрімен үйлесім табады.
Қандай таңдау жасау керек?
Сәндік сылақ түрлерінің кең ауқымдылығы көптеген сатып алушыларды шатастырады. Алайда, әртүрлі атаулар негізінен бір материалдың сорттары болып табылады. Сылақ түрлері беткі қабатына және қолдану технологиясына байланысты топтастырылады. Негізінен сәндік сылақ түрлерінің мынадай бірнеше түрлері белгілі:
Фактуралық сылақтар. Көбіне қалыптауды жасауға ыңғайлы, себебі ол ағаш қабығы немесе ескі қағаз әсерін береді.
Құрылымдық сылақтар әртүрлі материалдарға ұқсас әсер қалдыратын түйіршіктер түрінде сатылады (ағаш талшықтар , тастар, т.б.). Олар минералды немесе силикатты негізде шығарылады.
Венециандық сылақ – «Дворцовый» деп аталатын стильде жасалатын интерьерлерде қолданылатын өте сапалы материал. Ол классикалық қаптауға мінсіз болып табылады.
Қабырғалар мен төбелерге арналған сәндік бояу - қабырғалар мен төбелердің беткі қабаттарына өзіндік бедер салуға мүмкіндік беретін әрлеу материалы. Қолдануда оңайлығы арқасында дизайнерлер мен құрылысшылар арасында танымалдылыққа ие.
Фасад сылағы (ғимараттың сыртқы беті) сыртқы жұмыстар кезінде қолданылады. Оның құрамы ашық жерде қолдану үшін арнайы дайындалған. Ғимараттардың сыланған сыртқы қабырғалары ылғал өткізбейтін қасиетке ие, аязға төзімді және көгеріп кету қаупі төмен. Сылақ қоспалары қоймалжың, тұтқыр, пластмасса сияқты болады.
Құрылымдық сәндік қоспалар дайын күйінде консистенциясы бойынша бірдей емес, себебі, құрамында ұсақ болшектер өте көп болады: құм, гранит, слюда немесе басқа қоспалар. Құрамында әртүрлі қоспалар болғаны үшін осындай сылақ түрін құрылымдық сылақ деп атайды. Ал қабырғаларды сылаған кезде қоспалар арқасында ерекше бедерлер қалғандықтан олар сәндік сылақтар деген атауға ие болды.
Құрылымық сылақтар экологиялық тұрғыдан зиянсыз, температура өзгерісіне шыдамды және ұзақ уақыт ескірмейді. Сонымен қатар дайын қоспалар серпімділік қасиетке ие. Бұл қасиет бірегей дизайнерлік ойларды жүзеге асыруға көмектеседі. Тағы айта кететін жайт, құрылымдық сылақтардың бояулары оңып кетпейді, иілгіш. Қабырғалар қандай материалдан тұрғызылғаны маңызды емес. Сылақ жүргізер алдында дайындық жүмыстары дұрыс жүргізілсе, сылақ ұзаққа шыдайды.
Дайындық жұмыстары дегеніміз – қабырғаларды ескі сылақтан, әрлеу материалдарынан тазарту және арнайы тегістеу материалдарымен тегістеу. Сылақты қабырғаларға қалақшамен немесе бүріккіш көмегімен жағады. Содан кейін ғана арнайы құралдармен өңдеу арқылы керекті сипатқа келтіреді. Құрылыс нарығында барлық басқа материалдар арасында дәл осы сылақ материалдары ең ыңғайлысы болып табылады.
Сәндік сылақпен сыланған қабырғаларды ұнтақпен, сұйық тазалау құралымен, сабынмен немесе жай сумен тазалай беруге болады. Қабырғаның беткі қабаты зақымданбайды.
Қазіргі кезде сылақ қоспалары дайын күйінде пластик шелектерде сатылады. Әдетте, сатылымда ақ түсті қоспалар кездестіреміз, түстерін әртүрлі қылып өзгерту әркімнің өз еркінде. Сұйық бояу қосу арқылы өз қалауымызша түсін өзгерте беруімізге болады. Бағалары сылақ қоспасының құрамына қарай әртүрлі болады. Бірақ, бір нәрсені есте ұстау керек, арзан құрылымдық сылақтар қабырғаға нашар жағылады және сапасы төмен болады. Бұл жағдайда арзан бағаға жүгіру өте орынсыз.
Заманауи құрылыс ғимараттардың сенімділігімен және ұзаққа төзімділігімен қатар, сыртқы түрге, үнемділікке және жұмыстағы қолайлылыққа жоғары талаптар ұсынады. Қазіргі уақытта, тікелей минералды негіздемелерге жағу жағдайларында, сонымен қатар жылыту жүйелерінде сәндік қасбеттерді жасауға арналған барынша кең тараған шешім құрылымды сылақтар болып табылады. Құрылымды және жақпалы сылақтарды ажырату керек. Жақпалы сылақтар кейін сырлау немесе, мысалы, керамикалық сырлы кірпіш жабыстыру үшін қабырғаларды қалың қабатпен тегістеу үшін қолданылады, яғни негіздеме немесе дайындық қабаты болып табылады. Құрылымды сылақтар, керісінше, сәндік әсер құру үшін арналған және ақырғы жабын болып табылады.
Сылақтардың негізгі түрлері:
- Цемент негізіндегі минералды. Құрғақ қоспа түрінде жеткізіледі және жағу алдында сумен сұйылтылады. Көптеген минералды негіздемелер бойынша қолданылуы мүмкін. Жоғары бу өткізгіштікке ие, жанбайды, сондықтан "дымқыл" типті сыртқы жылыту жүйелерінде кең қолданыс тапқан.
- Акрилді шайырлар негізіндегі акрилді. Қолданысқа дайын су-дисперсиялық құрам түрінде жеткізіледі. Сонымен қатар, цементті сылақтар сияқты, минералды негіздемелердің барлық түрлері бойынша, сонымен қатар ескі дисперсиялық жабын бойынша қолданылады. Бу өткізгіштік бойынша минералды сылақтарға аздап есе жібереді, бірақ климаттық төзімділік бойынша айтарлықтай асып түседі.
Материал түрінің таңдауын (құрғақ қоспа немесе дайын өнім) егжей-тегжейлі талқылап көрейік.
Материалды сатып алу кезіндегі басты критерийлердің бірі барлығынан жиі баға болып табылады. Және құрғақ қоспалар алғашқыда қолайлы болып көрінеді. Олар, акрилдіге қарағанда, қаптамадағы 1 кг өнімге шаққанда айтарлықтай арзан, бұл таңдаудың оларға қарай бұрылуын айқындайды. Алайда осы сылақтарды тереңірек салыстыруға тырысайық. Салыстыру үшін келесі негізгі параметрлерді аламыз:
- Тасымалдау және сақтау барысындағы еңбек шығындары.
- Құрылыс алаңындағы еңбек шығындары.
- Дән өлшемі
- Шығындалуы
- Кебу уақыты
- Колерлеу
- Қосымша материалдардың және жұмыстардың қолданылуы
- Ізбесті-цементті сылақтар қағаз қаптамада шығарылады, бұл тасымалдау және сақтау кезінде қиындықтар туғызады. Олар жоғары ылғалдық жағдайларында сақтала алмайды және қаптарда қатаю тәуекелі бар. Қаптар жыртылады, ал бұл өнім шығындары. Алайда құрғақ сылақтар қоймаға орналастыру және тасымалдау кезінде аз орын алады. Акрилді сылақтар көп мәрте пайдаланылатын пластик ыдысқа өлшеп оралған 100% дайын түрінде шығарылады. Құрғақ сылақтың қызмет ету мерзімі әдетте жарты жылды құрайды. Жабық шелектегі (ыдыстағы) дайын сылақ ұзақ (1 жыл) сақталады және +5°C төмен болмайтын температураны қоспағанда, арнайы шарттарды қажет етпейді.
- Құрғақ сылақтарды пайдалану кезінде құрамның дұрыс дайындалуы - бұл оңай жұмыс емес, себебі құрамның сумен араластырылуы айтарлықтай қатаң регламенттелген. Мысалы, 25 кг қоспаға 6,1 л су қосып, түйірлердің түзілуісіз араластыру керек, 15 минут күтіп, тағы да араластыру керек. Құрғақ қоспаларды, ертерек айтылғанай, дайындау керек. Сонымен қатар бір ретте бір тұйық бетке қажет болатын мөлшерде дайындау керек. Мұны әркез дұрыс есептеу мүмкін болайды - сондықтан шығындар пайда болады:
- Материал – егер көп жасалса;
- Уақыт – егер аз жасалса.
Егер Сіз ізбесті-цементтік сылақ қоспасын дұрыс жасамасаңыз, онда кейін Сіз түстегі, беріктіктегі, жылтырлықтағы ауытқуларға және "тұнбалардың" түзілуіне, яғни бетте ізбесті тұздардың ақ, ақшыл дақтарының пайда болуына тап болуыңыз мүмкін. Дайын акрилді сылақтарды қолданып, Сіз осындай қателіктер ықтималдығын жоясыз. Құрғақ сылақтарды дайындау үшін арнайы ыдыс, жабдықтар және су қажет, бұл әркез құрылыс алаңында табыла қоймайды. Құрғақ сылақтарды қолдану кезінде оларды дайындауға қымбат уақыттың көп мөлшері жұмсалады.
- Минералды сылақтар ұсақ дән өлшемімен өндірілмейді, ал акрилді сылақтағы дән өлшемі 0.5 мм бастап 4 мм дейін болуы мүмкін, бұл суретті нақтырақ жоспарлауға және материалдың шығындалуын қадағалауға мүмкіндік береді.
- Цементті сылақтың нормативтік шығындалуы – 3,8 кг/м2. Акрилді сылақтың нормативтік шығындалуы дән өлшемінің әр милиметріне шаққанда 1-1.2 кг /м.кв.құрайды. Мысалы, 2 миллиметрлік дән кезінде нормативтік шығындалу 2 -2.4 кг/м.кв. құрайды.
- Құрғақ сылақтардың кебу уақыты, акрилділерге қарағанда, айтарлықтай үлкен. Жабынның қалыптасуының ақырғы уақыты ізбесті-цементті сылақтарда– 28 тәулік, акрилді сылақтарда – 7 тәулік. Егер Сіз сыланған бетті сырлауды жоспарласаңыз (ал цементті сылақтар үшін бұл міндетті талап болып табылады), акрилді сылақты келесі күні сырлауға болады, ал цементті сылақты тек ол толық кепкеннен кейін сылауға болады, яғни бір айға жуық уақыт күту керек! Бұл мерзімді 2 аптаға дейін қысқартуға болады, бірақ қымбат силиконды қасбеттік сырларды сатып алуға тура келеді. Осылайша, қасбеттің жұмыстарды аяқтау мерзімі бір айға ерекшеленеді.
- Құрғақ сылақтар ақ түсте немесе пастельдік реңктердің шектеулі мөлшерінде шығарылады, оған қоса, қаптан қапқа және топтамадан топтамаға түстердің өзгеріп отыруы орын алуы мүмкін. Оларды беттің елеулі көлемдеріндегі массада колерлеу қиын және қымбат. Сіз қалаған түсті алу үшін қымбат силиконды төсеме бояуды және қажетті түске колерленген силиконды қасбеттік сырды сатып алу керек. Бұл құрылыс құнына айтарлықтай әсер тигізеді. Дайын акрилді сылақтар ақ түсте, немесе Сіздің таңдауыңыз бойынша пастельден қанық реңктерге дейін - әр түрлі белсенділіктегі кез келген түске колерленген түрде шығарылады.
- Құрғақ сылақтар негіздемеге қатысты нашарлау алгезияға ие және осы себептен беттің мұқият дайындалуын және өңделуін қажет етеді. Цементті сылақтар климаттық жүктемелерге төзімді болмайтындықтан, олар міндетті түрле (!) қасбеттік сырмен сырлануы тиіс. Акрилді сылақтар негіздемеге дайындығына азырақ талап қояды, олар үшін адгезиялық төсеме жағу міндетті емес, және оларды қосымша сырлау қажет емес.
Осылайша, біз алғашқыда жасырын болатын, құрылыстың ақырғы құнына әсер ететін көптеген факторларды көріп тұрмыз. Бастапқы өнім килограмының құны бойынша құрғақ сылақтар, акрилдіге қарағанда, айтарлықтай үнемдірек. Егер шығандалуды, дайындық жұмыстарының құнын, жағу кезіндегі еңбек өнімділігін, қолданылатын қосымша материалдардың, жабдықтарды және колерлеуді, сонымен қатар материалдардың және жұмыс уақытының ықтимал шығындарын ескеріп, дайын қасбеттің шаршы метрінің құнын есептегенде, акрилді сылақтарды қолдану құны, құрғақ сылақпен салыстырғанда, кем дегенде бірдей, бәлкім, төмен болады.