Менің шежірем
Ақмола облысы, Степногорск қаласы
«Қырық құдық ауылы орта мектебі» ММ
2 «А» сынып оқушысы Ербол Данияр
Жетекшісі: Зейне Асылбек, бастауыш сынып мұғалімі
Бағыты: этномәдениеттану
Мазмұны
І. ТҮЙІНДЕМЕ
ІІ. КІРІСП
ІІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Алты алаш
2. Жәнтекей және оның таралу тамыры
3. Мен тараған бәйтерек
ІV. ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
ТҮЙІНДЕМЕ
Осы ғылыми жұмыстағы мақсатым қазіргі жастарға, өзім теңдес достарыма үлгі болу, ата шежіремді тану.
Ғылыми жұмысты жазудағы қолданылған әдіс-тәсілдер:
1. Ізденіс
2. Социометрикалық
3. Салыстыру
Осыдан шығатын шешім қазіргі жастар, яғни өзім теңдес жерлестерім, қаны қазақ балалары өз шежіресін білмейді, оған ата–ана тарапынан да көмек көрсетілмейді.
Шешім: біз өз шежіремізді танп білуіміз керек және ата–аналарымыз өз балаларын тусшыл болуға тәрбиелеуі шарт.
КІРІСПЕ
Бұл тақырып маған несімен қызық болды? Біріншіден бұрынғы өткен тарихымызда қазақ халқы түрлі себептермен өз елін, отанын тастауға мәжбүр блыпты. Сондықтан менің ата бабам Монғолия мемлекетінде өмір сүріпті. Ал мен тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, Елбасымыздың бастауымен отанымыз Қазақстанға көшіп келгеннен кейін дүниеге келіппін. Сол себепті осы тақырып мен үшін өте қызықты болды. Мен өз ата – бабамның кім екенін танығым келді. Екіншіден өз сынптастарыммен, мектеп оқушыларымен, өзге қала балаларымен сұхбаттаса отырып өз жеті атасын білмейтін жастардың, тіпті үлкен азаматтарымыздың да көп екенін анықтадым. Осыған себеп заман дамуының жылдамдығы, шет елдерге еліктеушілік, тұрмыс жағдайлары мен басқа да түрлі себептер деп ойлаймын. Мен де осындай азаматтардың қатарына кіріп кетем бе деп осы тақырыпты зерттеуге кірістім. Осы тақырыпта ізденіс үстіне түсе отырып:
Біріншіден «Шежіре» дегеніміз не? - деген сұраққа жауап іздедім. Ол тарихын, сонау тереңнен алатын халқымыздың бізге жеткен ең ерекше, құнды мұрасы. Араптың "шаджара" үрімбұтақ, тармақ деген сөзінен негіз алатын бұл мұра әлмисақтан бері халықпен бірге жасасып келе жатқан өнер.
Екіншіден жеті атаға және ата - бабаларға кімдер жататынын қарастырдым. Жеті атаға: 1.Әке, 2.Ата, 3.Әз ата (бұл үшеуі аталар), 4.Баба, 5.Тектін, 6.Төркін, 7.Тұқиян (бұл төртеуі бабалар). Жоғарғыдағы жетеуі бірігіп - «Ата – бабалар» делінбек. /1 – қосымша/
«Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер, жалғыз өзін білген ұл құлағы мен жағын жер» деген дана сөз сөз бар. Ата – бабалар Алтай сынды айбыны зор асқарымыз, Ата тарихымыз ғасырлар бойы іркіліссіз аққан бұлағымыз. Осы бұлақтың жалғасы болсам деген үлкен үмітім бар. Сол үшін өз ата – бабаларымды зерттеп көрмекпін.
Гипотеза. Менің ойымша шежірені жазу үшін шежіреші болудың қажеті жоқ. Тек ізденіс, бағдар, бағыт болса болғаны.
Мақсатым: өз ата бабамды тану, соларды тани отырып өзімнің кім екенімді білу. Қан жақындасудан, жатбауыр болудан сақтану.
Басты тапсырмалар: 1. тақырып бойынша әдебиеттермен танысу;
Өз атам Жахай Мүтәнмен сұхбаттасу
Зерттеу көлемі: өз ата шежірем
Зерттеу әдіс–тәсілдері: ізденіс, салыстыру, сұхбаттасу.
Алты алаш
Қазақта «Алты алаш, алты арыс» - деген атаулар бар. Алты алаш деп кей деректерде Башқұрт, Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ, Қырғыз, Татар алтауын айтады. Осы алты алаштың бірі қазақ. Қазақ үш жүзге бөлінеді. Олар: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.
Ұлы жүзге: Сары үйсін, Дулат, Албан, Суан Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі, Жалайыр, Қаңылы, Шанышқылы рулары жатады.
Орта жүзге: Арғын, Керей, Қоңырат, Қыпшақ, Найман, Уақ рулары кіреді. Бұл алты руды «Алты арыс» деп те атайды. /2 – қосымша/
Кіші жүзге: Әлімұлы, Байұлы, Жетіру, Ноғай-Қазақ. Бұлардың сыртында үш жүзге кірмейтін рулар: Төре, Қожа, Сунақ, Төленгіт. |1|
Мен осы орта жүзден тараған Керейдің тұяғы екенмін. Оны алдағы зерттеу жұмыстарымда айқындай түспекпін,
Орта жүздің Керей руына келсек, «Керей» - деген ру атауының шығуын Әбілғазының «Түрік шежіресінде» - Керейттің мағынасы қара баран деген сөз. Бір кісінің жеті баласы бар еді, жетеуінің де түрлері қара еді. Сондықтан оларды «Керейттер (қаралар)» - деп, олардан туғандарды Керейттер деп атап кетті делінген. Керей руы Ашамайлы Кркй, Абақ Керей деп екіге бөлінеді. «Керейдің төл шежіресінде» Үйсін Сарымырзаның қызы Аппақ күйеуінен жесір қалған соң ұлы – Шымырды ертіп төркініне келеді, нағашы атасыкішкентай Шымырды ашамайлы тайға мінгізіп: «Менің Ашамайлы Керейім» - деп еркелетеді екен, кейін сол баладан өскен ұрпақ «Ашамайлы Керей » атаныпты. Аппақтың соңғы күйеуінен туған Құттықожадан Ермен туады.
Еременнен Изен, Жусан, ал Изеннен Аллаберді, Құтберді деген екі ұл туады.
Аллабердіден: Жастабан, Сарбас, Меркіт
Құтбердіден: Бағаналы, Жаппас
Бағаналыдан: Байлау,Қойлау
Байлаудан: Елдей, Көлдей, Бердішора, Жиеншора
Елдейден: Жәдік, Көлдейден: Шеруші, Бердішорадан: Жәнтекей, Жиеншорадан: Құлтайболат
Қойлаудан: Арқаш одан Ителі, Жаппастан Қарақас, Жусаннан Алақыдыр одан Шыбарайғыр. Міне, Осылайша Абақ апамыздың немерелері 12 рулы ел болып, 12 Абақ Керей атанады. Олар: Жәдік, Жәнтекей, Шеруші, Ителі, Меркіт, Сарбас, Көнсадақ, Құлтайболат, Жастабан, Қарақас, Молқы, Шыбарайғыр. Мен осы 12 рудың ішінде Жәнтекейден тараған екенмін. |2|
Жәнтекей және оның таралу тамыры
Шежірелерге сүйенетін болсақ «Жәдік, Жәнтекей, Шеруші, Құлтайболат» төртеуінің ауылдары аралас, қойлары қоралас болған деседі. Бұлардың ішінде Жәнтекей бабамыз – шаруақор, малға қырағы адам болыпты. Бірде үй иелері үйде жоқта жай адам бейнесінде Қызыр келіп қондыруларын сұрайды. Басқаларының әйелдері: «Күйеулеріміз үйде» жоқ деп қондырмапты. Сонда Жәнтекейдің әйелі, Шыбарайғырдың қызы Алтыншаш анамыз, ақсақалды алдынан шығып аттан түсіріп, үйіне қонақ еткен екен. Осыдан кейін Жәнтекейге қызыр дарып мал басы тең өскен деген аңыз ел ауызында айтылып келеді. «Он екі Керей тараса Жәнтекейдің қолтығына сыяды. Ал Жәнтекей тараса он екі Керейдің даласына сыймайды» деген тәмсіл Жәнтекей ұрпақтарының ойламдылығы мен береке бірлікшіл, жомарт, мәрттігіне берілген баға болу керек. Сл үшін де күні бүгінге дейін «Кең қолтық Жәнтекейлер» - деген сөз айтылып жүр. Сол Жәнтекей бабамыздан үш ұл болған. Олар: Сүйінбай, Сүйіндік, Сүйіншіәлі. |3|
Сүйінбайдан бес ұл: Сәменбет, Самырат, Құты, Бүкіс, Төлеке.
Сүйідіктен екі ұл: Алты, Қалеке.
Сүйіншіәліден төрт ұл: Барақ, Қожамжар, Секел, Бұлантай. Барақтан: Қанкелді, Тайлақ. Секелден: Кешубай, Қаратоқа, Ырыс, Байбол. Бұлантайдан: Көбек тараған.
Қожамжардан: Ботақара, Әйтімбет.
Ботақарадан: Тыныбек, Жанұзақ, Дәріпсал, Балқабек, Солтан.Тыныбектен: Нұра, Сәрік, Еділ, Түкі, Шебек, Өмір. Еділден Сәді, Тау, Тілеме, Штай, Қозыбақ, Теке. Сәдіден Байбол, Бағай. Байболдан Шүкірбай, Қарташ, Қорғанбай. Шүкібайдан Көлшет, Тоғызақ, Одан Қабдолла, Сәмидан, Қами, Қуанғай, Қабылан. Көлшеттен Қабылбақи, одан Шәріпхан. Қарташтан Жетпісбай, одан Сұраубай, Қабдылхали, Бекзат, Кәрім. Қорғанбайдан Соқпақ, одан Қосылбай. Бағайдан Алтыбай. Жәңебай одан Молдажан, Ікібай. одан Мәлік, Шәпік, Марқай, Мағзам, Имантай, Төлеубай. Молдажаннан Тұрғын, Мұғраж, Мешел, Темірхан. Тілемістен Бұқабай, Мәукебай, одан Нұғыман, Жайырбай, одан Түсіпжан, одан Сатыпалды, Қаршыға. Нұғманнан Тұрсынхан. Қозыбақтан Бейбіт, Бекбол. одан Жанпейіс, одан Ташан, одан Белгі, Берді. Бейбіттен Тума, Оразалы, Туғанбай, одан Жақыпбек, Батырбек, одан Қаукей, Қабылқақ, Қаһарман. Жақыпбектен Мекенбай, Солтаншәріп, Зейнелхан. Оразалыдан Қасен, Құсбек, Әлімбет, Махмет, Қанапия, Бұқабай, Мәди. Қасеннен Мүбарак, Қалел, Қыдыр. Мүбарактан Әбу, Қыдыс, Құдыс. Әбуден Көбей, Қыдыстан Еркебұлан, Серікжан. Құдыстан Ерлан, Ербол. Халелден Тақыр, Ыдырыш. Тақырдан Көгершін. Қыдырдан Еркін, Әшім, Әбілсейіт, одан Дінгелді, Әшімнен Қанат, Есдәулет. Құсбектен Тілеумет, Кәлихан, Кәли, Сәлімбол, Сәлімбай, Есенбол. Әлімбеттен Шайхи, Имамағзам, Бұйдахан, Расол. Махаметтен Мырзатай, Лұхпан, одан Жылыбай, Жылышбай, Мәнбар, Мұхтар, одан Ерғанат. Жылыбайдан Ербол, Таңат. Жылышбайдан Бақыткерей, Мәнбардан Ерғажы, Еркін, Еркебұлан, Ербақыт. Мұхтардан Ерғанат, Мырзатайдан Сәйеке, Қапар, Жағыпар, одан Қажымұрат. Қапардан Ибнғаппас, Мұхадас, Қуандық, Жұмахан. Жағыпардан Хажымұрат, Бердімұрат. Сәйекеден Әнсары, Шұғайп, Айп, Бағдат, Книяз, Ержан, Әділмұрат. Ханапиядан Уатхан, Сахаба. Уатханнан Жаббар, Нұрсолтан, Сахабадан Берікбол, Тілекберді. Бұқабайдан Хамит, Күкім, Мұса. Мәдиден Байтен, Әнес, Зұлпыхар, Айдар, Жанат. Хамиттан Хавшан, Адай. Хавшаннан Айбол, Хұкімнен Баймұрат. Текеден Итаяқ, Одан Тәнтібай, Дондық. Тәнтібайдан Махылбай. Дондықтан Тоқтасын, Ақынбек, Қожақын, одан Жүніс, одан Құмар. Тоқтасыннан Мұхамеджан, Мұхамәди, Ақмәди. Ақынбектен Омар, Оспан. Өмірден Бұлғынбай, одан Мамай, одан Құндықбай, Мұндықбай,Тойеке, одан Әрін, одан Әбіжат, Қаһарман, одан Шаймұрат. Әбіжаттан Шаймардан, Құндақбайдан Жосынбай, Хамза, Шәмза, Шәпей, Әбдіке, Рахым. Мұнбайдан Стахан.
Шебектен: Қонысбай, одан Томатай, Түркебай. Томатайдан Сәлімбай, Керімбай, Әлімбай. Сәлімбайдан Келең, Әрелін, Құрманжан, Майлық. Келеңнен Райс. Керімбайдан Байдалы, одан Тастаған, Әлімбайдан Тұлбабай. Түркебайдан Қоқыш, Бөбекбай, Жебетай, Арсалаң, Тошалаң, Мекебай, Боталбай, Балтабай. Қақыштан Қысырауын, одан Дүңген, одан Мырзабек. Жебетайдан Кеңтанау, Бақты. Арсалаңнан Аққожа, одан Кәни, одан Қуаныш, Азанхан. Тошалаңнан Құзыр, Әбден, одан Сайлаубай, Жәдігер, Медет,Кірісхан. Мекебайдан Сауыржан, Сауыт. Сауыржаннан Дәлелхан, Тотай, одан Сәкен, Сауыттан Шағи, Боталбайдан Мұңатар.
Нұрадан: Теңізбай, Апаш, Құлыбай , Көкі, Теңізбайдан Мәкі, Сәкі, Мыса, Батыш, Делдек, Қуаныш, Жұмсақ. Мәуіден Боқтыбай, Шойынбай, Жырғалаң, Мейірім, Таха, Қарымсақ. Бақтыбайдан Кәрібай, Бежей, одан Заухия, Кәрібайдан Рахат, Дінсәлім. Шойынбайдан Оңайбай, Тоңайбай, Тойғұл, Сәрсенбай, Ағыбай, Дүйсенбай. Оңбайдан Қытай,Кәлен, Қайырты. Кәленнен Қаржаубай, Ұлархан, Жеңісхан, одан Қуантай, Қонай, Қабай, Берікбол, Съез, Қайыртыдан Атшығұл, одан Сұраухан, одан Ербол, Нұрбол. Тонайбайдан Бөх, Сөк, Құттыбай. Тойғұлдан Көксебай, одан Хабай, Кешеухан. Сәрсенбайдан Қожағұл, Құрманғали, Тұрғанғали, Молдағұл. Аюбайдан Иван, Қарабала, Дария. Қарабаладан Қабдраш,. Әбдіраш. Дариядан Қабдылмұрат, Баймұрат, Әкіремхан. Қабдыраштан Мақсатхан, Қабылмұраттан Тоқтархан, Ризабек. Дүйсенбайдан Байырған, Аршын, одан Сапақ, Слам. Байырғаннан Текшебай, Томалай, Әредін. Жырғаланнан Ақкүшік, Игісін, Байгісін, Бектұрсын, одан Арғынбай, Иманбай, Артықбай, Үсенбай. Арғынбайдан Манғолхан, Сайланхан, Дүбірхан, Монғолханнан Тиянақ, Естай, Еркін, Елтай, Ержан, Біржан. Сайланханнан Тойшыбай. Дүбірханнан Талғат. Иманбайдан Ғазиз, Елемес, Елеухан. Ғазазден Құрмет, Әуесхан, Съез, Дамыс. Елеместен Қайрол, Елеуханнан Ғарифолла. Мейірімнен Дулыбай, Құсықбай, одан Зарықан, одан Адасхан, Тегіс, Қабди, Қуантай. Тахадан Ұлыбай, одан Зархұм, Күртібай. Зархұмнан Жәлел, Әутәліп, Қуаныш, Райым. Дулыбайдан Разы, Үйірбай. Қарамсақтан Шоқыт, Тілеуберді, Тыныбай. Тілеубердіден Тастанбек, Тауданбек, Бердәлі, Азбан, Әсейл.Тауданбектен Нәбихан, Тұрдыхан, Бидәл. Бердәліден Әшімхан, Азбанан, Дәуей, Рәтхан. Тыныбайдан Рдалы, Қайрдың, Төлеу.Ердалыдан Ыбырайхан, одан Шұғайып, Айтқұрман, Депухан, Әнуар. Қайрдыдан Кәмелхан, Білдіхан, Сейітхан, Хауметхан, Кәмелханнан Нұрғайып, Нұрахмет. Нұрғайыптан Бейбіт, Сәбит, Ғабит, Серікбол, Серікжан. Білдіханнан Хаумен, Қайса. Сәкіден Ақтүбек, Байтүбек, Сасықбай, Жолаушы, Жұмық. Ақтүбектен Жолжақсы, одан Тұрар, Аязбай, Азанбай.Байтүбектен Аяпберген, Әпселен, Әкеми, Көңілбай, Аяпбергеннен Яшыбай, Әпселеннен Құрманхан, Әкемиден Хамартхан, Бәжіке, одан Кәділ, Сәйліке, Ыдырыш, Кәділден Серияз, одан Өнерхан. Ыдырыштан Дөнкір, одан Рахмет. одан Халй, одан Слаубай, Сұраубай, одан Байғұман, Нұғман, Әбдірасол, Нәфих, Жәкей, одан Ермек, Теғат, Саяси, Сезім, Сәнке. Сезімне Жәнібек, Әлібек. Жолаушыдан Еңсенбай, Бәжіке, Торы, Мүлік, Көнбай. Мүліктен Мұхамади, Баймәди. Мұхамадиден Елеусіз, Шайзадан. Елеусізден Әбдірахмен, Жұпархан, Нұрлан, Кітапхан. Шайзададан Тлжан, Ержан, Сәке. Маймәдиден Хабнұр, Бинән, Әшім, Мүтәліп, Қалым. Хабнұрдан Талғат. Мйнәннан Талап, Әшімен Бекей, Мүтәліптен Нұрлан, Қалымхан, Ғазез. Көнбайдан Әбілхас, Әбілбай. Әбілхастан Қамай, Хаукей. Әбілбайдан Дәкей, Тәбәрәк, Мубарак, Хавсемет. Жұмықтан Дүтбай, Теміржан, одан Ақмолда, Тұрлыбек, Ақмолдадан Сағит, Дүтбайдан Ырысбек, Жүнісбек, Құсбек, Мысадан Сал, одан Бортыбай, Барлаубай. Одан Ожай, Бортыбайдан Түскей, Нығымет. Батыштан Жұмабай, одан Жантұр, Өркенбай, Беркенбай, Мұқай. Жантұрдан, Бәтекен, Рақыш, Айдархан. Бәтекеннен Бабахан, Кәнзелхан, Рақыштан Әлімхан, Үрімхан, Секерхан. Өркенбайдан Игенбай, Қайрош, Қайырдың, Белтай, Тұртай. Игенюайдан Ынтыхан, Раздай, Ынтыханнан Зауатхан, Базархан, Айхан. Раздайдан Әбісейіт. Қайроштан Манғолхан, Едіге, Қайрдыдан Додан, одан Қуандық, Белтайтан Зархым. Тұртайдан Мизанай, Парахман, Хауан, Дәркей, Қалибек, Мизанайдан Еркежан. Барахманнан Арнагүл. Беркенбайдан Мұхамәди, Тырнахан. Мұхамәдиден Сайытхан, одан Құрметхан, Әсінәби, Байғара, Дамыс, Жарқынбай, Тырнаханнан Баймұрат, Шәлей, одан Мейрамбек, Манарбек, Жанарбек, Бауыржан. Мұхайдан Қамшыбай, Кәжей, Қамшыбайдан Мәдірас, Болшыкей, одан Есен, Еркін, Мәдірастан Жақсылық, Жақсыбай, Тілеубек, Қызырбек. Кәжейден Базар, Күнтуған, Айтуған, Айымхан, Базархан. Делдектен Төлебай, одан Уәли, Биәлі, Аққожа, Қуаныштан Тыштықбай, Асханбай, одан Таужан, Райхан. Тыштықбайдан Ырысхан. Жұмсақтан Жазылбай, Жаманбай, Қоңыр, Мықыш. Жазылбайдан Қайса, Қабдырай, Әубәкір, Одан Насхат. Қабдырайдан Қалым, Манғолхан. Қоңырдан Бекет, Меңдібай, Келгенбай, Әбілғазы, Ахметхан, Матай. Бекеттен Құмар, Құсан. Құмардан Тимур, Одан Шыңғыс, Дастан. Меңдібайдан Жауынбас, Келгенбайдан Мамай, Әбілғазыдан Шәдет, Шаймардан Қалман, Мәдет. Ахметханнан Солтыкей, Матайдан Өмір.
Апаштан.Отарбай, Мәмен, Қуаншал. ШәуденТұралы. Отарбайдан Ертіс, Бертіс, Төленді. Ертістен Дәулетбай, Дәулетше, одан Хамит, Төлендіден Әлмен, Сәлмен, Жұмәділ, Ақарал, одан Құрманхан Әділхан, Сейлхан. Құрманқаннан Додан, Шәмет, одан, Қозай. Қуаншалдан Бекежан, Жарылқасын, Тілеуберді, Талдыке, Мәдібек. Бекжанна Есенкелді, Есімхан, Әлхан, одан Тоқтамұрат.Есімнханна Қабдыл.Есенкелдіден Қызай,Сіргетай.Жарылқасыннан Хали, Омар, Ыбрайхан, одан Көгенбай, Бұршақбай, Үйсінхан. Көгенбайдан Тұрсынхан. Халидан Райсхан, Жыланбай, одан Құралған, Жылқыбай. Райсханнан Хадысқан. Тілеубердіден Қаю, Қабди. Қаюдан Қанат. Қабдидан Темірхан, Өмірхан. Темірханнан Өнер. Талдыкеден Қайырбай, Сауырбай, Байырбай, одан Орысхан, Сейітхан, Шәкерхан. Қайырбайдан Нұғымыр, Омархан, одан Мәуітхан, одан Биғажы, Ерғажы, Қажу. Нұғұмырдан Шерхан, Мизамхан, Шәріпхан, одан Алдаберген. Шерханнан Дәлетбек, Азамат, Одан Ашка. Мизамханнан Самат, Қанат, одан Нұрбек. Мәдібектен Әкімбай, Тоқталхан, Тойтық, Ақсай, Әлей, одан Төкей, Әкімбайдан Болатхан. Құлынбайдан Нысанбай, Бекболсын, Қарақыз, Бошық, Көкі, Көбей. Нысанбайдан Досай, одан Ырғали, Хамза. Ырғалидан Кәлел. Бекбосыннан Қали, Шағи, Шәке. Бошықтан Көдебай. Қалидан Шәріп, Бадай, Байынмөнх, Шәдей, Үлкен. Шағидан Қажихан. Көкіден Тышқанбай, Пысқанбай, Хамит. Тышқанбайдан Дошақ, Бақырбай, Ошақ, одан Садыр, Елжас, Дошақтан Ойдын, Баттал, Бақырбайдан Сенбі, Мұрынбай.Пысқанбайдан Аманбай, Әдік. Хамиттан Төлеубай, Жақыпбай, Одан Бұғаубақ. Төлеубайдан Нәби. Көбейден Жақия, одан Мүсірәлі, Тұрғынбай, одан Ілияс, Насихат. Ілиястан Жұмағажы, Байғажы. Жұмағажыдан Абыласхан, Мерейхан, Дулан, Ербол. Насихаттан Шаймұрат, Қабдылхайнел, Ақытхан, Уәлихан, Патихан, Ақытханнан Нұрбек, Нұрлан. Қабдылқайнелден Еркін, Ерікбол. Арысбайдан Қауия, Одан Шоқан, Білімхан, Зауатхан. Омардан Садыр, Елжас, Садырдан Хайдай, Мұса, Хайса. Хадайдан Құмаш, Қонай, Аманхан. Құмаштан Жәнібек, Серікжан, Жанболат, Айболат. Қонайдан Бейбітхан, Нұрболат. Аманханнан Серікбол, Мұсадан Қуандық, Құрметбек, Өмірбек, Темірбек, Болатбек,Қайроллахан, Өмірхан.Қайсадан Мұратбек. |4|
Мен тараған Бәйтерек
Мен тарайтын бәйтеректің тамыры Сәрк бабамнант тарау алады. Бұл бабам менің жетінші атам, яғни Тұқиян бабам. Сәріктен Есілбай, Жарасбай, Жылқыайдар. Есілбайдан Өтеміс, Шәку, Шал, Кенжебай.
Жылқыайдардан Күсеп, Ұранхай. Күсептен Зәңгі, Бүке, Байжігіт. Зәңгіден Жұмыш, Нысанбай, Келгенбай, Қосқанбай, Күребай, Кежебай. Жұмыштан Жақай, Дүйсенбек. Жақайдан Едікей, Әнуарбек, Қапанай, Әген, Хавден. Едікейден Мүтән, Хамай, Едіхан, Қасым,Тілеухан, Түсіп, Қуат, Мұрат, Саяхат. Ердіханнан Олимпиад, Ерлан. Тілеуханнан Марат, Сайрат, Саясат, Нұрлан, Ержан. Мараттан Әбу. Сайраттан Аяулым, Нұрқиса, Сырым. Саясаттан Махамбет, Шұғыла. Нұрланнан Іңкәр. Қасымнан Ерқұлан, Жасұлан, Жамбыл. Ерқұланнан Ерасыл. Түсіптен Роза, Рая, Рина, Ырыс, Рахмет. Қуаттан Еламан, Айдынасқар. Мұраттан Сәттібай, Атшыбай. Қапанайдан Әшім, Әсемхан, Сарай, Кірісхан. Әгеннен Әділбек, Еркін, Бақыт, Ғалымбек, Болысбек, Дыба. Еркіннен Балмұздақ, Ғалымбектен Оразай. Қабденнен Сержан, Серікжан, Жарыс, Мейірім, Сайранбек. Дүйсенбектен Шомай, Бердіхан, Өмірхан, Білімхан. Өмірханнан Мәдетхан, Сәветхан. Нысанбайдан Шерікбай, Әлуай. Шерікбайдан Жіңкін, Оразхан, Озыхан, Үмітхан, Сербес. Жіңкіннен Қызыр. Оразханнан Жарқын. Әлубайдан Мизамхан, Құралған, Бақыт, Күндізхан, Торғай, Береке. Келгенбайдан Қабдыраш, Әсемхан, Әспет. Қабдыраштан Қабыл, Әмірхан. Қабылдан Болатбек, Болатхан.
Мүтәннан Ербол, Серікбол. Ерболдан Аяжан, Аружан, Назерке және мен – Данияр.
Қорытынды
Осы жобамды қорытындылайтын болсам, адам үшін маңызын жоғалтпаған, осы күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан ежелгі грек ғұламасының айтқан сөзі -«Ең алдымен өзіңді таны!» - деген екен. Осы сөз маған бұл ғылыми жобамды жазып шығуға үлкен мақсат балды. Сол мақсатқа жету үшін менің көп ізденуіме тура келді. Шынымен адам өзін өзі танымаса, өзгенің, яғни туыс туғанның қамын жемес еді, қандастарын құрметтеуден мақұрым қалар еді деп ойлар едім. Қазақта «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз бар. Сол үшін әр қазақ азаматы, соның ішінде ұлдар өз жеті атасын танып білуі міндетті. Сонда ғана қан жақындасудан, жатбауыр болудан, мәдениетсіздіктен сақтана аламыз деп ойлаймын.
Мен өз шежіремді зерттей отырып көптеген ата–бабаларымды таныдым. Әрине жеті атамды бұрыннан танитынмын, оны маған атам айтып беріп отыратын. Бірақ мен жеті атаға дейін кімнен тарағанымды анықтап біле алдым.
Қазақта он үш атадан асқанда рулас, бірнеше рулас бірігіп тайпа, бірнеше тайпа бірігіп жүз болып қалыптасады екен. Міне, мен 21 атамды таныдым, яғни руластарымды білдім. /3 – қосымша/
Шешімім: әр қазақ азаматы жеті атасын білуі шарт, өз жеті атамды тани отырып /4 – қосымшы/, қазіргі жастарға үлгі бола лам деп сеніммен қараймын.
Қолданылған әдебиеттер
1. Нығмет Мыңжан «Қазақтың қысқаша шежіресі» Алматы 1994 жыл
2. Әбілғазы «Түрік шежіресі» Алматы. 1992 жыл
3. Өсерхан қажы Мақайұлы «Шәку баба шежіресі» Улаанбаатар қаласы. 2015 жыл
4. Рахмет ұлы Шынай «Монголия қазақтарының ата-тек шежіресі» Өлгий. «Баспагер» 1997 жыл