Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Санкт-Петербургте саксофонда ойнаған балаға белгісіз біреу оқ жаудырды

Санкт-Петербургте 38 жастағы ер адам көшеде саксофонда ойнап жүрген 11 жасар баланы атып алды. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баланың әуенін ұнатпаған көрші тұрғын пәтерінің терезесінен пневматикалық қарумен оқ атқан. Төртінші сынып оқушысы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлер оның иегінен оқты алды.

Күдікті ұсталды

Оқиғаға күдікті ретінде 38 жастағы ер адам ұсталды. Оның қолынан «Макаров МР-654к» маркалы пневматикалық қару тәркіленді. Қазіргі уақытта қару қолданып, бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Атыраулық әртіс

Басылымның хабарлауынша, күдікті Санкт-Петербургтегі Мариин театрының әртісі болып шықты. Ол Қазақстаннан шыққан, ал 2008 жылы Ресей азаматтығын алған.

Жаңалықтар

Жарнама