- 05 нау. 2024 03:35
- 185
Сарамандық жұмыс, «Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар»
Сарамандық жұмыс №3
«Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар» тақырыбы бойынша эксперименттік есептерді шешу
Органикалық заттарды алу және анықтауға арналған эксперименттік есептерді шешу.
Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың органикалық заттарды алу және анықтау туралы теориялық білімдерін бекіту.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: Сынауықтар, спиртшам, сынауық ұстатқыш, стақан, кристаллизатор, машина майы, өсімдік майы, глицерин, сірке альдегиді, глюкоза ерітінділері, этил спирті, қант, картоп, ақ нан, піскен алма, сабын, крахмал ерітінділері, натрий түйіршігі, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі, мыс гидроксиді, күкірт қышқылы.
Жұмыстағы тапсырмалар оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін қорытындылау мақсатында органикалық қосылыстарды, олардың өкілдерін анықтауға негізделген. Оқушылар альдегид, глюкоза, глицерин, крахмалды өздеріне тән сапалық реакция арқылы анықтайды. Сабынды анықтағанда сабын ерітіндісіне бірнеше тамшы күкірт қышқылын тамызса, май қышқылының мақта тәрізді үлпілдек тұнбасы түзіледі.
10 гр ұнтақталған қант пен сонша көлемде күкірт қышқылын қосып араластырса, кеуек көмір массасы түзіледі. Оқушылар күкірт қышқылының қант құрамынан суды сіңіріп, оны жартылай тотықтырып, таза көміртегінің бөлініп шыққандығы туралы қорытындыға келеді. Оқушылар машина майы мен өсімдік майын химиялық әдіспен ажырата білуге үйренеді. Оқушылар спирттер, альдегидтер, қышқылдар және күрделі эфир арасындағы генетикалық байланыс туралы іс жүзінде дәлелдеп көрсетеді.
Сарамандық жұмыс, «Көмірсулар, спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары мен көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар». жүктеу