Сарышұнақтар
Жабайы табиғатта сарышұнақтардың қимыл-қозғалысын бақылау – өте қызықтырарлық шаруа. Бұл кеміруші асқан сақтықпен жүреді. Күндіз інінен шығып, артқы аяқтарына тұра қала, айналасына қарауы еріксіз езу тарттырады. Егер жақын жерде қауіпті ешнәрсе байқалмаса, сарышұнақтар әскері күнделікті шаруаларымен айналыса бастайды: тамақтанады, ойнайды, бір нәрсені кеміреді. Қауіптіліктің көлеңкесі пайда болса болғаны – ащы дыбыс не сыбыр естілсе, құс ұшса не ірі аң жүрсе, сарышұнақтар қатты ысқырықтармен індеріне тығыла жөнеледі. Сарышұнақтардың жақсы жақтарынан бөлек, жаман жақтары да бар. Мәселен, олар егістікті құртатын зиянкестерге айналуы мүмкін, немесе эпидемия таратушылар болуы, мысалы, жануарлар арасында оба таратуы мүмкін.
Мекені
Солтүстік жартышар, қоңыржай ендігі және тіпті, Полюс шеңберінің кейбір жерлері – сарышұнақтар мекендейтін жерлер. Қыр дала мен ормандар, көгалдар мен орман тундралары бұл кішкентай кеміргіштерге пана болады. Бір қызығы, көгалдарды мекендейтін сарышұнақтар, солтүстіктің суық климатынан қорықпай, жиі Полюс шеңберінен тыс тұрақтайды. Ал қыр даланың кеміргіштері жартылай шөлейт, шөл және теңіз деңгейінен 3500 м биік тау телімдерін ұнатады. Бір жағынан сарышұнақтардың сақтығын олардың мекендеу орнымен түсіндіруге болады, олар көбіне ашық ландшафттарды мекендейді. Олар Орталық Азия, Еуропа және Солтүстік Америкада тараған. Қазақстанда далалық аймақтар мен шөл, шөлейтті аудандарды мекендейтін 6 түрі бар. Олар: зорман, ұзынқұйрық сарышұнақ, балпақ, қызылұрт сарышұнақ, кіші сарышұнақ және реликт сарышұнақ. Егер сіз бұл сүйкімді кеміргішті бақылағыңыз келсе, оның індерін далалы аймақтарда шағын, бір-бірінің қасында орналасқан жоталар арқылы анықтауға болады. Індері терең (ұзындығы 7-15 метрге дейін және тереңдігі и 3 метр), күрделі болғанымен, бұл аңдар бір інде бір маусымнан артық тұрақтамайды.
Сипаты
Әрине, сақ сарышұнақтардың үйіне жақындау оңай емес. Бірақ, кейде далалы аймақтарда сұр «бағандарды» көруге болады, сарышұнақтар осылайша қауіптің жақындауына әрекет етеді. Сыртқы түріне қарасаң, үлкен сарышұнақ тиінге ұқсайды. Бұлардың созыңқы тұрқы 14-40 см, құйрығы шағын, ұзындығы денесінің жартысына сирек жетеді, құлақтары қысқа әрі толықтай жалаң, көздері үлкен және артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда ұзынырақ. Жалпы түсі — сарғыш-сұр, жотасы қоңырқай тартқан, жүні жұмсақ, қалың. Қыста сарышұнақ басқа кеміргіштер сияқты жүнінің құрылымын ауыстыруға бейім. Қыста жүні жұмсақ әрі қалың болса, ал жазда керісінше сиректейді, бірақ нығаяды. Сарышұнақтарды атжалмандармен жақ сыртындағы қапшыққа азығын жасыру әдеті жақындастырады. Мекендеу түрі бойынша бұл кеміргіш отаршыл. Сарышұнақтар қыста ұйқыға кетуге бейім, бірақ кейде бұл құбылыс аңдар арасында азық жетіспегендіктен жаз мезгілінде де байқалады.
Қоректенуі
Шөпқоректі сарышұнақтар қорек іздеуде індерінен ұзақтамайды. Олар қол жетімді өсімдіктерді маңынан табады және оның жемісі мен жапырағында, тамырында ұнатады. Алайда, сарышұнақтардың тірі азығы да бар, олар – аулайтын не інінің қасынан табатын ұсақ жәндіктер. Көгалды мекендейтін сарышұнақтар жақын жердегі сұлы, жүгері, арпа егістіктерімен қоректенгенді ұнатады. Бұл кеміргіштер зиянкестер деген атқа ие. Даланың сан түрлі шөптерінен бөлек, бұл аңдар кейде жабайы жидек бұталаларына тап болады. Және жидектерді сүйсіне жейді. Сарышұнақтардың кейбір түрлері, мысалы, ұзын құйрықты сарышұнақтар әртүрлі өлексе, тіпті ас үй қалдықтарын жегенді ұнатады. Сонымен қатар, олар өсімдікке қарағанда, аң етін қуана жейді.
Көбеюі
Сарышұнақтар жылына бір рет балалайды, ал олардың ұрпақтары саны бойынша екіден оны екіге дейін жетеді. Жүктілігі бір айға дейін созылады, ал өмір сүру салты орташа өсімталдыққа алып келеді. Алайда, сарышұнақтар жүретін жерлерде олар көп болады. Бұл ұзақ уақыт бойы інде тығылып жататын ұрпақтарының қайтыс болуының төменгі деңгейімен байланысты. Үлкендері де жылдың 8-9 айын індерінде өткізеді. Оларда жас өркендер сияқты, жыртқыштардан жақсы қорғалған. Сарышұнақтар зағип және жалаң төлдерді, көбіне көктемде алып келеді. Он күннен кейін төлдерінің жоталарында алғашқы қылшық пайда болады, ал тағы да бірнеше тәуліктен кейін олар толықтай жүндейді. Үш ай – жас өркеннің өсіп жетілуі және бағынышсыз өмір сүруі үшін қалыпты жас. Балалары аналарының інін, әдетте күзде тастайды.