Photo: Aibek Skakov (https://www.pexels.com/@aibek-skakov-418917601) / Pexels
- 30 мам. 2026 14:00
- 30
Түрмедегі Алмас Садырбай: «Ақшаны алғаным туралы бір сөз де, жазба да жоқ»
1,2 миллиард теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікпен тергеліп жатқан Алмас Садырбай өзіне қатысты қозғалған іс бойынша пікірін айтты. Ол The Qazaq Times тілшісіне берген сұхбатында қылмыстық істің ауқымды екенін атап өтті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Айыптау актісінің өзі 90 беттен тұрады. Іс 500 томнан құралған. Бірақ сол материалдардың ішінде «Алмасбек Садырбай ақшаны алды» немесе «алдады» деген нақты бір сөз де, жазба да жоқ. Менің қатысым қазақ шаруаларының мемлекеттен ала алмай қалған көмегіне байланысты болып отыр. Қазір бүкіл шаруалардың алған қаражатын маған таңуға тырысып жатыр», – деді ол.
Алмас Садырбай өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін білдіріп, істің мән-жайы сот барысында анықталатынын айтты. Құқық қорғау органдары бұған дейін Садырбайға қатысты аса ірі көлемдегі қаржы жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот шығарады.
-
Известная в соцсетях как «целительница Багдагуль» обратилась к президенту Казахстана с требованием запретить юбилейный концерт группы KeshYou.