- 05 нау. 2024 01:22
- 226
Себеттегі алма
Тақырыбы: «Себеттегі алма»
Мақсаты: Жеміс – жидектердің түрлерін, дәмін, түсін ажырата білуге үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттік түсіндіре отырып, қол икемдерін машықтандыру.
Дамытушылық: Балалардың ой – өрісін білімділігін дамыту, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Методикалық әдіс – тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, мақал – мәтел,
өтірік өлең.
Көрнекі құралдар: Түрлі – түсті қағаздар, ақ қағаз, желім, муляждар, үлгі себеттегі алма.
Шаттық шеңбер.
Достармен сәлемдесу,
Психологиялық тренингі.
Амансың ба Күн Ана
Амансың ба Жер Ана
Амансың ба достарым
Сендерді көріп қуандым.
(Алақандарын жайып жүрек жылуын бір – біріне үрлейді)
Ұйымдастыру кезеңі.
Жылдың қазір қай мезгілі? – Күз мезгілі.
Күз мезгілі неше айдан тұрады? – Үш айдан.
Кәне атайықшы? – Қыркүйек, қазан, қараша.
Қазір қандай ай? – Қараша айы.
Күз мезгілінің ерекшеліктерін білеміз бе? – Күн салқындайды.
Адамдар жылы киімдерін киеді. Жапырақтар сарғая бастайды. Құстар жылы жаққа
кетеді. Көкөністер жемістер піседі.
Күз мезгіліне арналған тақпақтар білеміз бе?
Ой балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Балалар деніміз сау, күшіміз көп болу үшін не керек? – Дәрумендер.
Дәрумендер қайда болады? – Жемістерде.
Қандай жемістерді білеміз? – Алма, алмұрт, жүзім, банан және т. б.
Жемістердің денсаулыққа пайдасы өте көп. Біз жемістерді көп жесек ауырмай үлкен болып өсеміз. Біз жемістерден жеміс шырынын аламыз. Балалар жемістер бізге үлкен еңбекпен келеді екен. Егеміз, суарамыз, баптаймыз. Піскеннен кейін жинаймыз.
Еңбек туралы, мақал – мәтел білеміз бе?
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Өтірік өлең білеміз бе? Жануарлар бақшаға,
Жеміс жеуге келіпті.
Суда өскен жүзімді,
Жылқы мен есек теріпті.
Сергіту сәті:
1 – 2 – 3
Біздерде бар күш,
Терезені ашамыз.
Таза ауа жұтамыз,
1 – 2 – 3
Отырамыз тып – тыныш.
Балалар сергіту жаттығуын жасайды.
Балалар мен сендерге жұмбақ айтайын.
Жұмбақ
Түсі қызыл,
Тамсандырар бал дәмі.
Домалақ пішіні,
Қызықтырар кісіні.
Жауабы: - Алма.
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Алманың түстері әр түрлі болады.
Қызыл, сары, көк алма.
Бүгінгі ұйымдастырылған іс – әрекетінде себетке алманы жапсырамыз. Біздің себетіміз алдымызда дайын. Енді себетімізге не жетіспейді? Алмамызға желімді ұқыпты жағып себетіміздің ішіне жапсырамыз. Балалар қолымыз шаршады ма?
Ендеше ойын ойнайық,
Дидактикалық ойын: «Бөлігін тап» балалар мен тақтаға бөлінген жемістерді орналастырдым. Осы жемістердің бөлігін табайық.
Балалар жемістердің бөліктерін табады.
Балалар себетке нені жапсырдық? – Алманы.
Алма қайда өседі? – Ағашта.
Алманың дәмі қандай? – Тәтті.
Пішіні қандай? – Дөңгелек.
Алманың түстері қандай? – Қызыл, сары, көк алма.
Алманы ағашта өсетіндіктен жемістерге жатқызамыз екен.
Мадақтау, Марапаттау.
Білу: Алманың түрлерін, пішінін, түсін, дәмін ажырата білді.
Игеру: Жапсыру арқылы қол икемдерін игерді.
Меңгеру: Жемістердің денсаулыққа пайдасын меңгерді.