Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Сен өз құқыңды білесің бе?
Мектепішілік құқықтану пәні бойынша 10 - 11 сыныптар арасында сайыс
Тақырыбы: Сен өз құқыңды білесің бе?
Сайыстың мақсаты:
- Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіліптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету,
алдына мақсат қоя білуге тәрбиелеу
- Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қаблеттерін шыңдау;
- Конституцияны және құқықтық нормативтік актілерді орындау, құрметтеу, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, ҚР бала құқықтары туралы Конвенция, Жеті жарғы т. б

Сайыстың барысы:
І тур. Таныстыру
ІІ тур. «Біліміңді көрсет» топ басшылары сайысы
ІІІ тур «Сөйле тілім, жасқанбай» Құқыққа қатысты сөз жасырылады.
Табылған құқықтық термин сөзді 2 тілде аудармасын білу
ІҮ тур «Ой елегінен өткіз»
Ү тур Жеті Жарғыны білеміз бе?
ҮІ тур «Балалы үй базар» ҚР бала құқықтары
ҮІІ тур «Ойды аяқта» мақал - мәтелді аяқтау, мағынасын түсіндіру

І тур Таныстыру
10 «А» сынып -
10 «Ә» сынып -
11 «А» сынып -

ІІ тур «Біліміңді көрсет»
А - нұсқасы
1. «Штандарт» сөзінің мағынасы?
Ж: полк туы
2. Невада - Семей экологиялық қозғалысының құрылуы?
Ж: 1989 жылы
3. Жеті жарғы бойынша қазақ хандары неше құқықтар мен функцияларды иеленді?
Ж: 5
4. Республика Президенті мәртебесінің енгізілуі?
Ж: 1990 жылы 24 сәуір
5. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде неге бағынады?
Ж: Конститутция және заң
6. ҚСРО - ның ыдырауы жөнінде Алматы Мәлімдемесінің қабылдануы және ТМД - ның құрылуы?
Ж: 1991 жылы 21 желтоқсан
7. Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаға мүше бола ала ма?
Ж: Жоқ
8. “Қазақ КСР - інің мемлекеттік егемендігі туралы” мәлімдеме қашан қабылданды?
Ж: 1990 жылы 25 қазан
9. Конституциялық кеңестің негізгі қызметі?
Ж: Конститутцияны қорғау
10. ҚР мемлекеттік Гимннің жаңа мәтіні мен музыкалық өңдеуі қаша бекітілді?
Ж: 2006 жылы 7 қаңтар

Б - нұсқасы
11. Заң шығарушы билік?
Ж: парламент
12. ҚР 2030жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасының қабылдануы?
Ж: 1997 жылы 2 наурыз
13. Сенат депутатының өкілеттілік мерзімі?
Ж: 6 жыл
14. Қазақстан қашан БҰҰ - ның құрамына енді?
Ж: 1992 жылы 2 наурыз
15. Конститутция неше бөлімнен тұрады?
Ж: 9 бөлім
16. Ақмола қаласы қашан Астана қаласы болып өзгертілді?
Ж: 1998 жылы 7 мамыр
17. Сенаттың неше депутатын президент белгілейді?
Ж: 15
18. ҚР Қарулы күштерінің құрылуы?
Ж: 1992 жылы 7 мамыр
19. Азаматтарға амнистия туралы актіні кім жариялайды?
Ж: Президент
20. Қазақтардың І - ші Д/Ж құрылтайы өтті қайда, қашан?
Ж: 1992 жылы 28 қырқұйек Алматы

В - нұсқасы
21. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады?
Ж: дүниеге келген күннен
22. Атқарушы билікті ата?
Ж: Үкімет
23. Президенттік лауазым қашан енгізілді?
Ж: 1990 ж 24 сәуір
24. Конститутцияның екінші бөлімі қалай аталады?
Ж: Адам және азамат
25. Парламенттің төменгі палатасы?
Ж: Мәжіліс
26. Үкіметті кім басқарады?
Ж: Премьер - министр
27. Азаматтарды полиция неше сағатқа дейін ұстай алады?
Ж: 72 сағат
28. Парламентің жоғарғы палатасы?
Ж: Сенат
29. Қазақстан Республикасының неке жасы?
Ж: 18
30. Мемлекеттік тудың авторы кім?
Ж: Шәкен Ниязбеков

ІІІ - тур. «Сөйле тілім, жасқанбай» Құқыққа қатысты сөз жасырылады.
Табылған құқықтық термин сөзді 2 тілде аудармасын білу
І – топ
1. Бір қазаға екі... жоқ (Жаза - наказание)
2. Куәсіз істі күмән табар, Куәлі істі... табар (Куә - свидетель)
3. Мен... қылған күні ай жарық болды. (Ұрлық - кража)
4. Би екеу болса,... төртеу. (Дау - спор)
ІІ – топ
5. Әр елдің... басқа, Иттері қара қасқа (заң - закон)
6. Елшіге... жоқ. (Өлім - смерть)
7. Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар,
Жаманға сырыңды айтсаң, тар жерде... болар. (Айғақ - доказательство)
8. Ата - анаңның қадірін, балалы болғанда білерсің,
Анық достың қадірін,... болғанда білерсің. (жала - клевета)
ІІІ - топ
9.... істің - арты игі. (Әділ - справедливый)
10. Қыдырып ішкен көженің кенеуі жоқ,
Қыдырып айтқан... керегі жоқ. (Билік - власть)
11. Жолға шықсаң сайлан, Бес... байлан (қару - оружие)
12. У ішкен бір өледі,... ішкен мың өледі. (Ант - клятва)

ІҮ - тур «Ой елегінен өткіз»

1. ҚР Конститутциясының 1 - бабында не туралы жазылған?
Ж: ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2. ҚР егемендігі мен тәуелсіздігін білдіретін аса маңызды 3 құжатты атап бер?
Ж: 1. Егемендік туралы декларация
2. Тәуелсіздік туралы конституция
3. Конституция.
3. Әнұранның сазы қай жылдан бері шырқалып келеді?
Ж: 1945 ж 16 қараша
4. Қазақ жерінде құқықтық ғұрыптармен қатар жазылған заң жобаларын ата.
Ж: «Төре бітігі», «Шыңғыс ясасы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заң жобалары
5. Конституция неше бөлім неше баптан тұрады?
Ж: 9 бөлім, 98 бап І - 9 баптардың мазмұны
6. Конституцияның 50 бабының мазмұны

Ү - тур Жеті Жарғыны білеміз бе?
1. Қанға - қан алу...
2. Ұрлық, қарақшылық, зорлық - зомбылық жасаған адам?
3. Өсиет....
4. Барымтадан қайтқан мал...
5. Дауды шешу...
6. Куәлікке кемінде...

Ү - тур «Балалы үй базар»ҚР бала құқықтары туралы
1. Бала құқық қабілетті
2. Баланың білім алуға құқығы
3. Баланың еңбек бостандығына құқығы

ҮІ - тур «Ойды аяқта» мақал - мәтел мағынасын түсіндір?
1. Заңның құрығы...(бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі...(кешірген жақсы)
3. Әр адамның құдайы... (оның ары)
4. Жамандық қылсаң пәле күт... (бәріне де зауал бар)
5. Жазасын тартпайтын... (жамандық болмайды)
6. Туғанына бұрғаны..... ( биді құдай ұрғаны)

ҮІІ. Сайысты қорытындылау
ҮІІІ. Марапаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама