Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
1. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
2. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
3. «Көңіл - күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл - күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл - күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл - күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т. б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
Орта және жоғары буын оқушыларының адамгершілік құндылықтарын зерттеу
Мақсаты: оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік - рухани бағдарларын анықтау.
Адамның адамгершілігі сыртқы іс - әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның мінез - құлқына қарап оның шын адамгершілік екені туралы айтуға болмайды, өйткені ол әрекеттердің ар жағында әртүрлі адамгершілікті емес түрткілер мен сезім жатуы мүмкін. Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекетттерден көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез - құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін - өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады.
Оқушылардың рухани бағытын анықтау мақсатында М. Рокичтің құндылықты анықтау әдістемесі алынды. Оқушылар өздері үшін аса маңызды болып табылатын құндылықтарын берілген 18 түрлі құндылықтар ішінен рет - ретімен орналастыруы тиіс болды. Тестілеуге барлығы 283 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылар көбінесе төменде келтірілген 5 құндылықты бірінші орынға жиі орналастырған:
Қорытынды: сыналушылардың нәтижелері бойынша өмірде басшылыққа алатын құндылықтардың ішінде денсаулық алғашқы орында, яғни қатысушылар денсаулық және салауатты өмір салтының маңызын жете түсінеді. Өмірлерінің, болашақтарының нәтижелі және белсенді іс әрекетке толы болғанын қалайды.
Психологиялық ойындар
«Менің көңіл - күйім» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл - күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.
«Сиқырлы сөздер» ойыны
Мұғалім кез - келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші» Ізеттілік туралы ертегі тыңдау №302007 МП
«Жағдайлы волейбол» ойыны
Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды.
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар. жүктеу