Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Тақырып: Ш. Құдайбердіұлы “Қалқаман - Мамыр” поэмасы
Сынып - 8
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік - оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығынан, тіл шеберлігінен мағлұмат беру, шығармалары, поэма мазмұнын меңгерту;
2) дамытушылық - оқушылардың іскерлік, өз бетімен жұмыс дағдысын жетілдіру, еркін сөйлей білуге, ашық пікір айта білуге бағыттау, ойлау қабілетін дамыта отырып шығармашылыққа баулу, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ақпарат мүмкіндігін қолдана алу, а баулу;
3) тәрбиелігі - оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, ата - ана алдындындағы перзенттік қарызын ұмытпауға шақыру.
Технологиясы: жобалау технологиясы.
Сабақ түрі: көзқарас сабақ
Сабақ типі: іскерлік пен біліктілік дағдысын қалыптастыру
Оқыту формасы: топтық, жеке.
Оқыту әдісі: сөздік, интерактивті, талдау, оқу мен жазу арқылы ойлауды дамыту, кітаппен жұмыс, проблемалық сұрақ, шығармашылық ізденіс.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақ көрнекілігі: слайдтар, Ш. Құдайбердіұлы шығармалары жинағы, сабақ жобасы.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақ барысы:
І кезең
І. Ұйымдастыру.
А) Электронды оқулық арқылы Шәкәрім өмірі туралы мәтін оқылып, бір музыкалық шығармасы тыңдалады.
- Мәтінде ақынның қай шығармасы орындалды?
- неліктен бұл сабақ осы әнмен басталды деп ойлайсыңдар?
Ә) Сыныптың барлық оқушыларына сабақтың жобасы жобалау технологиясына негізделіп ұсынылады.(келесі слайдты қара)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама