Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
Шал алған қызға
Қазірде құлағымда ащы зарың
Және де көз алдымда саңырау шалың.
Саңырауға сасық сақал келемеж боп,
Қапада жүргеніңнің білем бәрін.

Қөңілімде мұңыңды айтып ашынғаның,
Жоқ шығар тап сол жерде жасырғаның.
Өн бойың үзілгендей созылып кеп,
Ішінен пәуескенің асылғаның.

Ешкім жоқ мұңыңды айтар менен басқа,
Не өнді, құр жыладың жансыз тасқа,
Алдым деп төрт-бес қара мәз болып жүр,
Сөнбес өрт сала салып қыршын жасқа.

Бұл қайғы мені оңдырмас қоймағанда,
Оңдырар сені қалай ойлағанда.
Тұрмыстың сайлап салған саңырау шалы
Басыңды қайтер дейсің жоймағанда.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама