Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Тұрмысқа
І
Өмірімнің өрлерін,
Жазы шықпас, қыс қылшы!
Жылы шырай бер десем,
Аждаһадай ысқыршы!
Құлдық ұрып жалынсам,
Арт жағыңа қыстыршы!
Алтын, күміс асылыма,
Баға бермей мыс қылшы!
Оңға қарай қол созсам,
Теріске жорып пысқыршы!
Нахақ мазлұм болсаң да
Күншілікпен іс қылшы!
Бұлардың барлығы ойыншық,
Тек аурудан тыс қылшы!

II
Тұрмыс, маған от шашып,
Бар дүниені лау қылшы!
Түйдектеп үйіп қайғыңды,
Абылай аспас тау қылшы!
Таптырмастан емге дос,
Бар әлемді жау қылшы!
Көзіңнің құны бардай - ақ
Аяқ бассам, ау құршы!
Бермек тұрсын, өзіме
Жала жасап дау қылшы?
Сөндір Ай мен Күніңді,
Тек денімді сау қылшы!

III
Ден сау болса, тағдырдың,
Көкке ұшырам күлдерін!
Жігермен талап еткен соң,
Қоям ба екен сүлдерін.
Аждаһадай ақырып,
Алдымнан қарсы шапса да
Естімеймін үндерін!
Серпіп тастап түндерін,
Туғызамын күндерін!

IV
Ден сау болса, тұрмыстың
Маған солай құрығын
Бойлап алып кетермін!
Таудай үйген қайғысын
Ойнап алып кетермін.

V
Қаңқылдатып қаздарын,
Шығарармын жаздарын.
Мен айтамын осылай
Кім біледі, ол тұрмыс
Нешелер қабір қазғанын.
Қазса қазсын, көрермін
Келешектің жазғанын,
А, дүние халқымның
Жөнге салсам азғанын,
Тұрмасты салып көлденең,
Қарғытар Махмұт азбанын.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама