Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Шаңырақ жарастығы
Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы
Сайыстың мақсаты: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Оқушының жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденімпаздыққа қалыптастыру. Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл - гүл жайнап біздің, мына, төрімізге.
Сіздерді бүгінгі сайыс шарттарымен
таныстырып өтейін.

Сайыс 7 турдан тұрады:
І тур “Кім жылдам?” тренингі.
ІІ тур “Өлең сөздің патшасы”
ІІІ тур “Ата мұраң – асыл қазынаң”
ІҮ тур “Қиял арманға жетелейді”
Ү тур “Шеберлігімізді шыңдайық”
ҮІ тур “Жарнамалау
ҮІІ тур “Бала - менің болашағым”

І тур
“Кім жылдам?” тренингі.
Өз баламызды қаншалықты білетінімізді байқау үшін ата - аналар дөңгелене тұрады. Мұғалім сұрақ қойып допты ата - аналарға лақтырады, ата - ана жылдам жауап беріп, допты мұғалімге кері қайтарады.
1. Балаңыздың туған күні қашан?
2. Сынып жетекшісінің аты - жөні кім?
3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
4. Балаңыздың сүйікті асы не?
5. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
6. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
7. Балаңыздың аяқ киімінің өлшемі қандай?
8. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
9. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
10. Балаңызды ренжіткенде аузыңызға бірінші қандай сөз түседі және т. б

ІІ тур
“Өлең - сөздің патшасы”
1 - кезең. Ата - ана мен оқушы біріге отырып кез - келген тақырыпта өлең шығарады.
2 - кезең. Әрбір отбасы сол мезетте өлең шумақтары арқылы өзін - өзі таныстырады.

ІІІ тур
“Ата мұраң – асыл қазынаң”
Қазақтың салт - дәстүрінен сұрақтар қойылады. Тапсырма сұрақ - жауап түрлері төмендегіше.
1. “Байғазы” салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз
2. “Көрімдік” салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз
3. “Бастаңғы” салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз
4. “Иткөйлек” салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз
5. “Жасау” салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз
6. “Енші” салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз
7. “Сүйінші” салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз
8. “Ерулік” салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз
9. “Қоштасу” салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз

ІҮ тур
“Қиял – арманға жетелейді”
Ата - ана мен оқушыларға қиылған суреттер мен парақтар таратылып беріледі. Қиылған суреттерден белгілі бір ертегі құрастырып шығару.

Ү тур
“Шеберлігімізді шыңдайық”
Ата - ана мен оқушыларға гүлдің сұлбасы салынған парақшалар таратылады. Әрбір ата - ана өз баласымен біріге отырып гүлге аппликация жасайды. / кез келген материалдармен / Мысалы: моншақтар, түрлі - түсті қағаз, күріш, бидай, қауын - қарбыз дәндерімен де болады.

ҮІ тур
“Жарнама”
Ата - ана мен оқушыларға түрлі - түсті суреттер таратылып беріледі. Осы суреттерді көрсете отырып ата - ана немесе оқушы бірлесе отырып жарнамалап, ерекше қасиеттерін, адамға пайдалы жағын айту.
ҮІІ тур
“”Бала - менің болашағым” ата - ана жұмысы. Өз ойын қорытады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама