- 20 шіл. 2022 00:00
- 218
Шайтанның тұзақтары
Ібіліс жер бетіне түскенінде Аллаһу та'аладан былай деп сұрады:
— Йа Раб, мені қуып жерге түсірдің. Менің мұнда үйім жоқ.
— Үйің — моншалар болады.
— Қай жерде жиналамын?
— Көшелер мен базарларда.
— Тамағым не болады?
— Бисмиллаһ айтылмай желінген нәрселер.
— Ішетін нәрсем не?
— Арақ-шараптар (Спиртті ішімдіктер).
— Азаным не болады?
— Музыкалық аспаптар.
— Кітабым не? Не оқимын?
— Әдепсіз (ұятсыз) өлеңдер.
— Менің хадистерім не?
— Өтірік сөздер.
— Тұзағым мен қақпаным не?
— Жаман әйелдер.
— Төсектес досым кім болады?
— Бисмиллаһсыз төсекке жататындар мен маскүнемдер.
— Сапарлас досым кім болады?
— Жолға шығарда Менің разылығыма қауышу үшін емес, өз нәпісінің қалауларымен жүретіндердің сапардағы досы боласың.
— Көмекшілерім мен елшілерім кім?
— Бидғатшылар сенің көмекшілерің, сиқыршылар сенің елшілерің.
— Бауырларым кім?
— Мүлкін ысырап ететіндер және жаман жолда жұмсайтындар сенің достарың болады.