Шегіртке мен Құмырсқа
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен Құмырсқа. И. А. Крылов
Сабақтың мақсаты: мысал мазмұнын түсіндіру, идеялық ұстанымындағы автордың ойына өзінше ой қосу арқылы пікір білдіруге мүмкіндік жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, автор суреті, өмірбаяны.
Күтілетін нәтижелер: мысалдағы жәндіктердің мінез - құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйрену. Автор туралы мағлұмат беру.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: мысалды талдау арқылы мазмұнын әсерлі жеткізе білу дағдыларын дамыту. Оқушылардың шығармашылық қуатын шыңдау.
Тұлғалық нәтиже: еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: басты кейіпкерлердің суреттері, осы мысалдың негізінде түсірілген мультфильм осы мысалдың кітабы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тиянақтап өту
1. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ шешу:
Екі басты жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)
Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды,
Қос қанатты,
Құмырсқа ізді,
Бота тірсекті. (Шегіртке)
- Кейіпкері жан - жануар болатын шығарманың түрін қалай айтамыз?
- Мысал дегеніміз не?
- Мысал – адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез - құлқын жан - жануарлардың іс - әрекетімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.
- Мысал арқылы бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуымыз керек.
- Өзіміз оқыған қандай мысалдарды естеріңе түсіре аласыңдар?
- Ал бүгінгі мысалымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма?
- Ендеше, біз бүгін, И. Крыловтан Абайдың аудармасы «шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқимыз. Алдымен ассоциация әдісін құру арқылы автормен танысып алайық: «Шегіртке мен құмырсқа» мысалының авторы Kрылов Иван Андрейвич 1796 жылы 2 ақпанда Мәскеуде туылған. 1844 жылы, 21 қарашада Санк - Петербург қаласында дүниеден озған. Сатерик Ұлты орыс Жазушы - аудармашы. Ақын - жазушы
1. Аудармашы, ақын А. Құнанбаев туралы. Хронологиялық кестемен жұмыс. 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Шыңғыс тауында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай Қара сөздері бар. Өлең жинақтары бар. Бірнеше әндері бар. 1904 жылы дүниеден өткен.
2. Мағынаны тану
Мысалды мәнерлеп оқып беру.
Сөздік жұмыс
Сұрақтар:
- Құмырсқаның орнында болсаң, сен не істер едің?
Жұптас, ойлан, топтас, ортаға сал
- Кейіпкерлердің қайсысы ұнады. Неліктен?
- Шегіртке жазды қалай өткізді? Оқып беріңдер.
- Қыс түсісімен шегірткенің өмірі қалай өзгерді?
- Кімнен көмек сұрады? Құмырсқаға қандай өтініш айтты?
- Сендер Шегірткені аяйсыңдар ма? Жауабыңды түсіндір.
- И. А. Крылов осы мысалмен бізге не айтқысы келді?
- Шегіртке мен құмырсқа мысалында кімдердің әрекеттерін, байқауымызға болады ма?
- Шегіртке мен құмырсқа бейнелері адамдардың қасиеттерін көріп, байқауымызға болады ма?
- Біздің ортамызда немесе өмірде сендерге сондай адамдар кездесті ме?
Сахналық көрініске дайындық жүргізу. Ол үшін оқушыларға шегіртке мен құмырсқаның киімін газет қиындыларынан қолдарына тек степлер беру арқылы (техникалық қауіпсіздік ережесін міндетті түрде ескерту) тігуді ұсыну.
Оқушылардың жұмыста қаншалықты ұйымшыл атқаратынын, топ басшының жұмысын, топ мүшелерінің тапсырманы тыңғылықты орындауын қадағалап, бас көз болу.
Оқушылардың жұмысын тамашалау.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа
Допты қойдым алдына,
Оң жағына қарады
Сол жағына қарады,
Тау екен деп ойлады.
Сабақты бекіту.
Құмырсқа мен шегіртке туралы мағлұмат беру
Құмырсқа(Formіcіdae) – жарғаққанаттыларотрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.
Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден - ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады.
Әртүрлі тұқымдастарға жататын көптеген өсімдіктермен қоректенетін зиянкес жәндіктерді «көп қоректілер» деп атайды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарына ең қауіптілері — шегірткелер, шекшектер. Тік қанатты насекомдар отрядының бір отряд тармағын құрайтын шегірткелердің Қазақстанда 200 - ден астам түрлері кездеседі. Бірақ солардың ішінде оншақты түрі ғана қауіпті зиянкестер санатына жатады.
3. Ойтолғау
Дәптермен жұмыс. Шегірткені қиыншылықтан құтқаруға көмектес.
4. Сабақты қорытындылау
5. Үйге тапсырма. Мысалды жаттау, суретін салу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.