Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
Шернияздың зорлығы

1914 жыл еді. Ағылшын капиталистерінің қолшоқпары подрядщик Шернияз деген байдың бір ауру бұзауы Ахмет деген жұмысшының үйінің алдына келіп өліп қалды. Шернияз бай ағылшынға барып:

— Бұзауымды Ахмет ұрып өлтірді, — деп жалған шағым арыз берді. Осының ертеңінде шахта иесі ағылшын /байы/ жаңағы Ахмет деген жұмысшының бұзаулы сиырын Шерниязға қолма-қол тартып әпергендігін көзбен көрдік. Ол болысқа, приставқа арыз беріп көріп еді, оны құлағына қыстырмады. Ахметтің бала-шағасын шулатып тартып алған сиырды сол Шернияз сол қалпында пайдаланып кетті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама