Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шетелде діни білім алудың қауіптілігі

Қазіргі таңдағы жағдайға байланысты елімізде, тіпті дүниежүзінде білім беру форматы онлайн жүйеге ауысқаны да жылдан асты. Осыдан бастап ғаламтор желісіне деген тәуелділік күрт көбейді. Бұрыннан да дерлік еліктеушілер саны аз емес болатын. Бұл жағдай біздің қоғамымызға біраз ауыртпашылық әкелді. Әрине, білім турасында, нақтырақ айтқанда оқушылар, студенттердің шалғай орналасқан аудандарындағы байланыстың нашарлығы, жас талапкердің білім алуына кішкентай болсын кері әсерін тигізді. Барлық дерлік мемлекеттерде мектеп, колледж, университет және шекара жолдарына тосқауыл қойылды. Осыдан барып, шетелдерде оқитын студенттеріміздің де қатынауында қиыншылық туындады.

Жаһандық пандемия кезінде халық діннен көмек сұрады. Құлшылық қылды. Барлық ізгі амалдарды діннен іздеді және құдайға сыйынды, сенді. Ал осы діндердің бұрмалануы арқылы теріс ағымдарға кірген адамдар тобы да кездесті. Және мұндай жағдайға қалай түседі? Кімдер түседі? Осы сұрақтарға бірге жауабын тауып көрейік.

Болашақ жастардан тұратындықтан, саналарын улау әлдеқайда жеңіл. Мінездің құбылмалы кезеңі. Үйде, мектепте, айналасындағы адамдармен тіл табыса алмауы салдары жасөспірім бойындағы қиыншылықтарды туындатады. Осы уақытта бұның жолын табу үшін, жүрегіне жақын бір іспен айналысады. Яғни, баланың бойындағы психологиялық не моралдық тұрғыдан қиыншылық көруі әсерін тигізеді. Дәл осы кезеңде, балаға сырт адам сәл жанашырлық танытып, отбасында болып жатқан қиыншылықтар мен қаржы жетіспеуінің орнын толтырса, соның ығына жығылып кете барады. Бұндай жағдайға жастар және үлкен адамдар да түсуі ықтимал. Және мектеп кезіндегі діни білімнің іргетасы дұрыс қалануы, жоғарыдағы жағдайлармен тікелей байланысты. Егер осы жылулықты жат діни ағым өкілдерінен алатын болса, сөзсіз олардың қолшоқпарына айналғаны айқын дәлел. Бұл жағдай мектеп бітіріп кеткеннен соң да кең өріс алады. Әр түлектің ойында: «жақсы оқу орнында оқысам екен», «шетелде білім алсам екен» - деген ойлар жатыр. Әрине жақсы, бірақ енді ғана мектеп бітіріп келген жеткіншекке өз елінде білім алған абзалырақ. Себебі, ұясынан енді ғана жеке дара бөлініп, ақ пен қараны ажырата алар, нақты бір ұстанымы бар тұлға болғанда ғана барып шетелде оқыған дұрыс деп санаймын. Ал, жақсы, шетелде білім алды делік. Бір жағынан шетелде білім алған да дұрыс. Егер сол алған білімін еліне оралып, жеріміздің гүлденуіне үлесін қосса. Жат мемлекет, басқа дін, өзге салт-дәстүрге үйренісу қиын шығар. Онымен қоймай тіл де білуің керек. Оқимын деп жүріп, сені тентіретіп жібермесіне кім кепіл?! Басқа аймақтан келдің деп басынуы да мүмкін. Дегенмен, таяқтың екі ұшы бар демекші жақсы мен жаман жақтарында қарастырған жөн.

Сонымен, сөзімді қорытындылай келе біз жастар болашақтың тұтқасымыз. Ата-бабаларымыз салып кеткен дана, дара жолмен жүру парыз. Шетелдің адамдарына еліктемей, қазақтың қандай асыл тектен шыққандығын бар әлемге таныту борышымыз. Қазақтың бойында намыс пен жігері жалындап тұрса, қай жерден болсын жарып шығады. Мейлі қандай сала - мәдениет, спорт болсын дініне берік, сенімді адам ақ жолынан айнымайды. Шетелде білім ал және соны еліңе қызмет қылып, пайдаңды тигіз! Ал діни тұрғыдағы білімде аса сақ бол жас түлек. Ол сенің бар өміріңнің айнасы. Сенің сенімің адамдарға күш беруі мүмкін. Және әрине тек дұрыс жолмен жүре білсең. Қазір 21 ғасыр. Ғаламтордың шарықтап тұрған шағы. Білмейтін ақпаратың ба? Аш та, қара! Күмәнің болса, мешіт имамдарынан кеңес алғаның жөн. Ғаламтор бетін ақтарамын деп, теріс пиғылды жат ағымдардың парақшаларынан, түрлі сайттардың құрбаны болып қалма! Сол үшін де өміріңді, болашағыңды өзің құратындықтан бей-жай қарама! Ең дұрыс жолмен жүруді тек өзің ғана білесің.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, философия және саясаттану факультеті, Дінтану мамандығының 4 курс студенті Нұртайқызы Гүлжан

Жетекшісі философия ғылымдарының кандидаты, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Қаңтарбаева Ж.О.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама