Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

Ғылым және жоғары білім министрлігі шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау басталғанын мәлімдеді.

Ол 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды мамыр айына дейін жүзеге асырады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын 500 отандық ғалымға мемлекет есебінен ғылыми тағылымдамадан өтіп, әлемнің жетекші зертханаларында зерттеу жүргізуге мүмкіндік беріледі. Биыл ғалымдарды іріктеу критерийлері жетілдірілді. Тағылымдамадан өтуге болатын ЖОО мен ғылыми орталықтар тізімі алғаш рет жасалды. Зерттеулердің өзекті бағыттары бойынша мамандықтар тізімі бекітілді. Сарапшылар комиссиясының құрамына қойылатын талаптар күшейтілді. Енді оған инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторлары ғана кіреді», – деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама