Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Шығарма. Мәңгілік еліміздің - мәңгілік тілі
Шығарма
Мәңгілік еліміздің - мәңгілік тілі


Тілім менің – қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, Ана тіл, қасіретім

Мен Лозовое орта мектебінің 11 сыныбында оқимын. Өзімді осы Қазақстанда өмірге келгеніме қуаныштымын. Неге десең, еліміз өз Тәуелсіздігін алғаннан бері өте аумақты істер жүзеге асырылуда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әдеттегідей Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Ел алдына біршама міндеттер қойды. Қазақ елінің тыныштығының сақталуына, экономикасының күшеюіне әрбір қазақ азаматы мүдделі екеніне тоқталды. Қазақстанымыз әлемдік деңгейде қалыптасып үлгерді. Қазір елімізді бүкіл әлем таныды. Елбасы шешілмей тұрған күрделі мәселелерін атап өтті. Мен осы мәселелердің көп ұзамай шешілетініне нық сенемін. Өйткені біздің Елбасымыз бар. Мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі. Еліміздің болашағы – қазақ тілінде екенін атады. Мен осы қазақ тілі сабағында өз білмегендерімді құмартып ізденемін. Келер ұрпаққа да айтатыным қазақ тілін оқысаңдар, үйренсеңдер далада қалмайтындарын айтушы едім.
Елбасымыз тіл тәуелсіздігі Мәңгілік елде Мәңгі болу үшін де осы мәселені анық айтып отыр. Ендеше, Елбасымыз Н. Назарбаев тіліміз мәңгілік болса, мемлекетіміз де мәңгі болатынына кәміл сенеді. Ал сенімнің лаулап жануына біз, оқушылар, патриоттық сезімімізді сөндірмей әрі қарай жалындатып жағуымыз керек,- деп түсінемін. Ол үшін терең білім алыуға қажет.
Мен шын өз тілімді, халқымды, елімнің тілі, діні үшін жанын беретін елжанды адамдардан қатты үлгі аламын. Ондай ұлағатты адамдар біздің мектепте өте көп. Олар мектептің мақтаныштары. Олар мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілер және мектебіміздің белсенді оқушылары.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Қазақстан. Осы еліміз Тәуелсіздік жолында қаншама қиындықтардан өтті. Үш жүздің биі Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, атақты Абылайхан елдің басын біріктіруде қаншама күш жұмсады. Мен болашаққа сеніммен қараймын! Біз Мәңгілік Ел болуды алдымызға мұрат қылып отырмыз. Мен Мәңгілік Елге жететінімізге сенімдімін!

11 «Б» сынып оқушысы Малышкина Виктория

Шығарма. Мәңгілік еліміздің - мәңгілік тілі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама