Шығармашылық жоба. Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке
Шығармашылық жоба.
Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке
Мазмұны:
1. Титул парағы.
2. Мазмұны.
3. Кіріспе.
4. Жүннің шығу тарихы.
5. Жасалу технологиясы.
6. Экономикалық құнын есептеу.
7. Жобаны қорғау
8. Қорытынды бөлім
9. Пайдаланған әдебиеттер
Мақсаты: Сумоншақпен кестелеу өнерін үйреніп оны түрлендіріп дамыту. Сумоншақпен әр түрлі бұйымдарды жасауды және оларды көркемдеп тігу технологиясымен таныстыру.
Міндеттері:
1. Ізденіс жұмыстарын жүргізу.
2. Ою - өрнек түрлерін күнделікті өмірде қолдана білу.
3. Өз бетіммен шығармашылық жұмысты жүргізе білу;
4. Дизайн талабына сай әсемдей білу.
Зерттеу жұмысының барысы:
1. Жетекшінің көмегімен жұмыс бағдарламасы, құрылымы жасалды.
2. Кітапханамен байланыс.
3. Интернеттен пайдалы ақпараттар, керекті материалдар қоры жиналды.
КІРІСПЕ
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030 стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор.
Қазақ халқының мұрасы, қазынасы – қолөнер болып табылады. Халық шеберлері ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этникалық және мәдени ұлттық дәстүрлерін көрсете білген.
Қолөнер - ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын кең жайып келе жатқан халық мұрасы. Осынау халық қазынасын қастерлеу – көзі ашық, көкірегі ояу, ар - намысты, ұлтжанды әрбір адамның борышы. Алғаш ұстазыммен осы істі қолға алған кезде, осы борышымды қолдан келгенше өтегім келді.
«Ел іші – алтын бесік» деген аталы сөздің ақиқатын көзіммен көріп, халық шеберлерінің жасаған таңғажайып ою - өрнекті бұйымдарын қолыма ұстағанда, іздегенімді тапқандай болдым.
Ойымда жүрген киіз сөмкені жасап көрейін деп шештім.
Көшпелі халық болғандықтан мал бағумен айналысып, ата - бабаларымыз қолөнер бұйымдарын жасауда мал терісі мен жүнін шикізат ретінде пайдаланған. Жүн – қой, ешкі, түйе және т. б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой жүні көп өндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан - жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14, 2 – 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүннен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүн біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25, 1 – 35 мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т. б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып - күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т. б. ешкі тұқымының жүні биязылау келеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады. Жүннен жасалған бұйымдар мықты, жылы, шыдамды, тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы, алып жүруге ыңғайлы жеңіл. Тұрмысқа қажетті арқан - жіп, бау, ноқта, киіз, текемет, сырмақ, алаша, кілем әртүрлі дорбалар, киімдер осы жүннен жасалған. Жүн сақтайтын бөлменің есік - терезесін ашып, желдетіп тұру керек. Ашық күн астында сақтауға болмайды.
Жүн – ұйысуға бейім бірден - бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: шұға 30 – 35%, киіз бен байпақ 80%- дай шуиды. Киіз Басудағы ең жоғары тығыздық 0, 55 г/см3 (байпақтың табаны 0, 42 г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды.
Киіз басу тарихы
Киіз басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен, Киіз басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген. Дәстүрлі қазақ қоғамында Киіз басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады.
• Киіз басу барысы
Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3 – 4 рет ағынды суға тоғытады. Киіз басу барысы бірнеше кезеңдерден тұрады:
• Сабау.
Алдымен жүн жасалатын бұйымдарға ыңғайланып, ақ, қара түстерге бөлініп жиналады да, оны ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабайды.
• Шабақтау.
Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің оң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолмен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып, үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен - бірі жалғаса, біртегіс болып төселе береді. Бұл істі бұрыннан бет тартып машықтанған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана орындайды. Себебі, екі - үш адам орындаса, жүн ала - құла тартылады да киіз біркелкі шықпайды.
№27 Ы. Алтынсарин орта мектебі
Орындаған: А. Бахтығалиқызы 10 сынып
Жетекшісі: Д. Алимкулова, технология пәні мұғалімі
Шығармашылық жоба. Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке жүктеу