Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Шымкент қысы жылы болуы себепті, көгал алаңдары гүлдеп жатыр

Биылғы қыстың аса жылы болуы Шымкент тұрғындарының таңданысын тудыруда. Жыл сайынғы қаңтар айында азынап тұратын ауа-райы, биыл адам танымастай өзгерген. Көгалдарда әртүрлі шөптер бой көтере бастапты.  Бұл құбылысқа тек қала қонақтары ғана емес, жергілікті тұрғындар да түсінбеушілік білдіруде.

15-18 градустық жылы  ауа галантус пен жабайы көк гүлдердің өсіп шығуына себеп болған. Әдетте, бұл гүлдер наурыз айында бой көтеруі тиіс болатын.

Жеке бақшасы бар тұрғындар үшін,  бұл құбылыс бау-бақшаға тек зиянын тигізеді,-дейді мамандар. Себебі, 28 қаңтардан бастап, Шымкент қаласында күн күрт суытып, 0 градусқа бірақ түседі. Синоптик мамандар алдағы күндерде, жаңбыр мен қар үздіксіз жауады,-деп отыр.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама