Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Шыңырау (І нұсқа)

Зәулім құз жартасқа ұя салған қыран өзінен ұрпақ көрмей шерлі өтеді. Жылдағы тапқан жалғыз жұмыртқасын ордалы жылан жылда жарып тұқымын құртып кетеді.

Бір жылы тағы да жұмыртқаға өрмелеп келе жатқан сұр шұбардың үстінен тап болған ызалы қандыкөз қыран өткір тұяқтарымен құлақ-шекеден қатты серпіп, зәулім құздан зындан шыңырауға қарай лақтырып жібереді. Осыдан кейін ұяда бір күні шұңғыл көз, ақ үрпек балапан пайда болады. Жұмыртқа жарып жарық дүниеге көз салған балапанын аялап өсіріп, кең әлемге қанат қақтыру үшін алыс-алыс сапарлар шегіп жем тартады. Тянь-Шань асып, Алтай кетіп, Алатау шарлауға тура келеді. Осындай бір алыс сапардан жем тартып келе жатқанда, шыңырау түбінен құзға қарай өрмелеген аждаһар-жыланның бейнесі көз алдына елестеп, қыран өз ұясына жетуге жан ұшыра талпынады. Биік-биік құздарды артқа тастап самғап келе жатқанда, үстінен қалың нөсер жаңбыр құйылады. Көзінен тамшылаған ыстық жас жаңбырмен бірге тамшылайды.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама