- 28 қар. 2019 00:00
- 244
Шынқожа батыр
Шынқожа батыр атағы алғаш шыққаны — жоңғардың Доба деген батырымен жекпе-жекте шығып, өлтірген кезі. Ол кезде ол жиырма бір жаста екен. Тағы бір соғыста қалмақтың ірі, егде тартқан батырымен жекпе-жекке шығып, Шынқожа екі сүбесінен саусақтарын батыра көтеріп лақтырғанда, қалмақтың қабырғалары қолында қалған екен. Тағы бір соғыста қарсылас жақтың сегіз батырын бірінен кейін бірін түсірген. Шынқожа батыр Қаракерей Қабанбай, көкжал Барақ батырлармен бірге көп жорықтарға қатысып, Тарбағатай бөктеріндегі Найман елінің қоныстарына ықпал еткен. Ол Тума, Тайпақ, Байғана жасағына қолбасы болып, жорыққа дайындалып жатқан Қабанбай бастаған батырларға келіп қосылып, тізе қосып ұрыс жүргізген.