Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Шыршаны безендіру
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: «Шыршаны безендіру»
Мақсаты: жаңа жылдық шыршаның бейнесін геометриялық фигуралардан құрастырып, безендіруге үйрету. Бейнені қабылдауын дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге баулу. Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: түрлі түсті пішіндегі үшбұрыштар, шыршалар, түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім, безендірілген шырша суреті.
Қостілдік компонент: шырша – елка, безендіру - украсить
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
- Алақанды ашайық,
- күн нұрын салайық,
- жүрек жылуын салайық,
- жиналған жылу шуақтарды,
- қонақтарға шашайық.
Балалар шеңберге тұрып мазмұнына қарай қимылдайды.
Іздену - ұйымдастырушылық
Жұмбақ жасыру.
Жасыл тонның бояуы
Жыл бойы оңбайды.
Діңі, бүршіктері
Сояуы Қысқы аязда тоңбайды.

- Сендер жаңа жыл мерекесін жақсы көресіңдер ме?
- Ал жаңа жыл мерекесінде не міндетті түрде болу керек?
- Шыршаны қайдан алуға болады?
- Сендерге ана мен бала туралы бір әңгіме айтып берейін бе?

Жұмбақ шешеді.
- шырша
- иә
- шырша
- базардан
- иә
Балаларға анасы мен баласынын базарға барып қалай шыршаны таңдағаны жайында әңгімелеп беру.
- Қандай шыршалар бар екен?

- Олар қандай шырша алмақшы?
- Кім үлкен шыршаны көрсетті?
- Сонда нешінші шыршаны сатып алды?
- Мына қолымдағы не?

- Қандай фигураларды білесіңдер?

- Біз осы фигуралардан шыршаны құрастырып жабыстыруымыз керек. Ол үшін қандай фигураны аламыз?
- Ең бірінші қайысын қоямыз?

Балалар шыршаны жабыстыруға кіріседі. Қауіпсіздік ережесін естеріне түсіру.

Сергіту сәті:
Қар үстінде қар, қар,
Шырша үсті қар, қар,
Ағаш түбінде ақ аю,
Ұйықтап қапты.
Тыныш, тыныш балақай.
Шуламаймыз біз бұлай!

- Біраз серігіп алсақ жабыстыруды жалғастырайық. Балалар бізге электронды почтаға хат келіпті. Бұл хатты жаңа ғана шыршаны сатып алған бала жіберген екен. Ол хатында сатып алған шыршаны безендіруге көмек сұрайды. Өзі алыста, ал біз болсақ балабақшада. Сонда қалай оған көмек көрсете аламыз екен?
- А, таптым. Біз оған суретін агент

- әр түрлі, үлкен, кіші, орташа
- ен үлкенін
- баласы

- үшінші
- геометриялық фигуралар
- үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

- Жасыл үшбұрышты
- Үлкенін, орташасын ең басына кішісін.
Шыршаны жабыстырады.

Бойларын сергітіп алады.
Ноутбукка назар аударады. Хатты тыңдайды.
Әр бала өз ойын айтады.

арқылы жібере аламыз. Солай ма, балалар?
- Ендеше біз қазір жана жабыстырған шыршамызды безендірейік те, фотаға түсіріп жіберейік. Осы фоталарға қарап Бауыржан шыршасын безендіріп алсын.

Безендіріп болған шыршаларын талдап, фотаға түсіріп жиберу.
- иә
- Шыршаны безендіруге кіріседі.
Жасаған жұмыстарын талдайды, фотаға түсіреді.
Рефлексивті корригиялық

Ойын «көжектер».

Тілдік жаттығу.
У - у - у - мөлдір су.
Ша – ша - шырша
Ұз - ұз - ұз - көкше мұз.

Жылулық шеңбер.
- Біз сендермен нені безендірдік?
- оның түсі қандай?
- Қандай мереке онсыз өтпейді?
- Балалар, сендерге Бауыржан жауап жазып жіберіпті. «Балалар, сендерге көп рахмет! Сендер жіберген суреттер өте әдемі екен. Осы суреттер арқылы мен шыршамды безендіріп алдым.» Суретін көрсету.

Ойын ойнайды.
Тілдік жаттығуларды орындайды.
- шыршаны
- жасыл
- жаңа жыл

Балалар қуанып қалады.
Жұмыс орындарын жинастырады.
Болжамды нәтиже:
Білу керек: шырша жаңа жыл мерекесінің символы, және оны қалай дұрыс безендіру керектігін
Қалыптасқан әдет: сұрақтарға толық, анық жауап беруі қалыптасқан.
Істей біледі: ұжыммен жұмыс істей алады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама