Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Шымкент соты блогер-заңгер Руслан Жанпеисовті ақтады: Құқық бұзушылық анықталмады

Шымкент қалалық әкімшілік соты танымал блогер әрі заңгер Руслан Жанпеисовке қатысты қозғалған әкімшілік істі тоқтатты. Сот отырысында оның әрекетінен ешқандай құқық бұзушылық анықталмаған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция тарапынан болған наразылықтар

Бұған дейін Руслан Жанпеисов полиция талаптарына бағынбады, қоғамдық тәртіпті бұзды және құқық қорғау органдарына немқұрайлы қарады деген айыптармен жауапқа тартылып, қамауға алынған болатын. Алайда, сот бұл әрекеттерде қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келді.

Сот отырысы барысында әкімшілік хаттаманы толтырған инспекторға жеке қаулы шығарылды. Атап өтілгендей, Жанпеисовке қарсы 10 полиция қызметкері рапорт жазған.

Оқиға қалай болды?

Оқиға 22 сәуірге қараған түні болған. Жанпеисов Қызылордадан келген полиция қызметкерлеріне жақындап, олардың рейд жүргізіп жатқанын түсірген. Кейіннен оны жұмыс орнынан ұстап әкеткен.

Жанпеисовтың өзі заңды бұзбағанын, керісінше, полицияның әрекеті оның құқықтарын шектегенін айтты. Сот анықтағандай, қамауға алу туралы құжаттар оны тергеу изоляторына жеткізгеннен кейін ресімделген.

Жаңалықтар

Жарнама