- 05 нау. 2024 02:46
- 219
Сыбдыры сұлу – Алтын күз
Мақсаты: Оқушыларды бiлiм - бiлiктiлiкке, өз бетімен iзденiске, қол өнер шеберлiгiн шыңдауға үйрету, табиғат байлығы адамзат өмiрiнiң баға жетпес асыл қазынасы, өмiрлiк қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушыларды мәдениетті сөйлеуге, өнегелі болуға тәрбиелеу.
Көрнекiлiгi: қабырға газеттері, шарлар, нақыл сөздер.
1 - жүргiзушi:
Алтын күз сiз бен бiзге шуақ шашсын
Көңiлдiң серiппелi күйiн ашсын
Бақ пенен шаттық бiрге қатар қонып
Береке бiрлiк пенен ортақтассын
2 - жүргiзушi:
Құрметтi ата - аналар, ұстаздар оқушылар және көрермендер жылдағы мектебiмiздiң дәстүрлi мерекесi бойынша бүгiнде 5 - 9 сыныптар арасында сайыс түрiнде өткелi отырған « Алтын күз» күзгi бал кешiн ашық деп жариялаймыз.
1 - жүргiзушi:
Уа. халайық, халайық
Бәрiңiзге жар салайық
Сәлем жолдап баршаңызға келiп тұрған
Топтарды ортаға шақырайық.
2 - жүргiзушi:
5 сынып - жүзім
6 сынып - алма
7 сынып - қызынақ
8 - сынып - сәбіз
9 сынып - қызылша
/топтар ортаға шығады/
1 - жүргiзушi:
Кiм жеңедi жеңiсте үмiт алда
Қобалжу бар жүректе күдiк бар да
Әділқазы алқасы атыңды ақта
Жүйрiктерге арман мен бақыт жолда - дей келе әділқазы алқасын сайлап алайық
2 - жүргiзушi:
1.
2.
3.
1 - жүргiзушi:
Құрметтi қауым!
Бүгiн бiздiң мектепте дүбiрлi той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңiлдi қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбiрлеп,
Қош келдiңдер, халайық сергiсiн бой!
Бүгiнгi кешiмiздiң бағдарламасымен таныстырып өтейiк.
2 - жүргiзушi:
1. Таныстыру /қабырға газетi, эмблема/
2. Өнер көрсету / ән, би/
3. Викториналық сұрақ
4. Икебана
5. Жарнама
6. Дастархан мәзірі
7. Күзгі вальс
1 - жүргiзiушi:
Думан бүгiн салтанатты сәнiмен
Шашуымен, күйлерiмен, әнiмен
Тұрма достым таныстыршы тобыңмен
Шуылдасып қалайық бiз шынымен
2 - жүргiзушi:
Түрлi түстi жемiстi сен қаладың
Бойыңда бар өнер мен талабың
Алтын күзге бағасыз бiр белгi қып
Омырауыңа эмблема қададың
/Әр топ өз топтарын таныстырып эмблемаларын әдiлқазы алқасына ұсынады./
1 - жүргiзушi:
Көгершiндер тыныштықта өбектеп,
Шаттанады шар көтерiп бөбектер.
Сұлулыққа қарайды ерек сақтанып
Жапырағын сыбдарлатып теректер.
2 - жүргiзушi:
Жеткiншекпiн арманым көп аңсаған.
Сурет салам, домбырамен ән салам.
Құлақ түрiп менiң салған әнiме
Талай адам демiн басты шаршаған
/Әр топ өз өнерлерiн ортаға салады/
1 - жүргiзушi:
Салиқалы өңiнен
Шапағатты нұр тарап.
Ауылымның төрiнен
Алтын күзiм тұр қарап.
2 - жүргiзушi: Үмiт гүлiн бүрлеткен
Ақыл кенi үлгi шын.
Ойлан, ойла жауап бер
Сұрақ берем сізге мен
/келесi кезекте викториналық сұрақ/
1 - жүргiзушi:
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан
Ортақ бізге бір Отан
Еңбекке де қолы епті
Ынтымағы осындай
/ келесі кезекте «Икебана» /
2 - жүргiзушi:
Қайраттанып қарышта
Озып шыққан жарыста
Батыл бас жас ұлан
Самға биік алысқа
1 - жүргізуші:
Мектеп қамқор қоры бар,
Жақсылықпен жолығар
Біздей дарын шәкіртті
Қолдайтындай жөні бар.
2 - жүргізуші:
Шын аспазды табатын кез де келдi
Көп нәрсе уақыт сайын өзгередi
Қанекей шын шебердi бiз табайық
Үйреткен бұл өнерге өзгелердi.
2 - жүргiзушi:
Ыдысқа толсын талабың,
Асып толсын қанарың.
Таңғы шықтай мөп-мөлдiр
Кәусар болсын жан – арың.
Дастарханың молайып,
Әзiр болсын тамағың, - кезек дастархан мәзiрiне берiледi.
1 - жүргiзушi:
Қызықты ғой көрерменге би деген
Ортамызда мың бұрала билеген
Таныстырып қояйын мен сiздерге
Топтарымызды күзгi вальс билеген
2 - ж үргiзушi:
Бiлiмдi бiз жақтаймыз
Әнге, биге баптаймыз.
Ойынды тастап ендi бiз
Күзгi бидi бастаймыз,
Күзгi вальс биiн тамашалайық.
Ән «»
1 - жүргiзушi:
Демеңiздер бiз өнердi аяп қалды
Мезгiл де бiраз жерге таяп қалды
Баға берiп әр топтың өнерiне
Сұраймыз алқалардан мадақтауды,- с өз кезегi әдiл қазы алқаларында.
2 - жүргiзушi: Осымен бүгiнгi мерекемiздi жабық деп жариялаймыз.
Көрнекiлiгi: қабырға газеттері, шарлар, нақыл сөздер.
1 - жүргiзушi:
Алтын күз сiз бен бiзге шуақ шашсын
Көңiлдiң серiппелi күйiн ашсын
Бақ пенен шаттық бiрге қатар қонып
Береке бiрлiк пенен ортақтассын
2 - жүргiзушi:
Құрметтi ата - аналар, ұстаздар оқушылар және көрермендер жылдағы мектебiмiздiң дәстүрлi мерекесi бойынша бүгiнде 5 - 9 сыныптар арасында сайыс түрiнде өткелi отырған « Алтын күз» күзгi бал кешiн ашық деп жариялаймыз.
1 - жүргiзушi:
Уа. халайық, халайық
Бәрiңiзге жар салайық
Сәлем жолдап баршаңызға келiп тұрған
Топтарды ортаға шақырайық.
2 - жүргiзушi:
5 сынып - жүзім
6 сынып - алма
7 сынып - қызынақ
8 - сынып - сәбіз
9 сынып - қызылша
/топтар ортаға шығады/
1 - жүргiзушi:
Кiм жеңедi жеңiсте үмiт алда
Қобалжу бар жүректе күдiк бар да
Әділқазы алқасы атыңды ақта
Жүйрiктерге арман мен бақыт жолда - дей келе әділқазы алқасын сайлап алайық
2 - жүргiзушi:
1.
2.
3.
1 - жүргiзушi:
Құрметтi қауым!
Бүгiн бiздiң мектепте дүбiрлi той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңiлдi қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбiрлеп,
Қош келдiңдер, халайық сергiсiн бой!
Бүгiнгi кешiмiздiң бағдарламасымен таныстырып өтейiк.
2 - жүргiзушi:
1. Таныстыру /қабырға газетi, эмблема/
2. Өнер көрсету / ән, би/
3. Викториналық сұрақ
4. Икебана
5. Жарнама
6. Дастархан мәзірі
7. Күзгі вальс
1 - жүргiзiушi:
Думан бүгiн салтанатты сәнiмен
Шашуымен, күйлерiмен, әнiмен
Тұрма достым таныстыршы тобыңмен
Шуылдасып қалайық бiз шынымен
2 - жүргiзушi:
Түрлi түстi жемiстi сен қаладың
Бойыңда бар өнер мен талабың
Алтын күзге бағасыз бiр белгi қып
Омырауыңа эмблема қададың
/Әр топ өз топтарын таныстырып эмблемаларын әдiлқазы алқасына ұсынады./
1 - жүргiзушi:
Көгершiндер тыныштықта өбектеп,
Шаттанады шар көтерiп бөбектер.
Сұлулыққа қарайды ерек сақтанып
Жапырағын сыбдарлатып теректер.
2 - жүргiзушi:
Жеткiншекпiн арманым көп аңсаған.
Сурет салам, домбырамен ән салам.
Құлақ түрiп менiң салған әнiме
Талай адам демiн басты шаршаған
/Әр топ өз өнерлерiн ортаға салады/
1 - жүргiзушi:
Салиқалы өңiнен
Шапағатты нұр тарап.
Ауылымның төрiнен
Алтын күзiм тұр қарап.
2 - жүргiзушi: Үмiт гүлiн бүрлеткен
Ақыл кенi үлгi шын.
Ойлан, ойла жауап бер
Сұрақ берем сізге мен
/келесi кезекте викториналық сұрақ/
1 - жүргiзушi:
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан
Ортақ бізге бір Отан
Еңбекке де қолы епті
Ынтымағы осындай
/ келесі кезекте «Икебана» /
2 - жүргiзушi:
Қайраттанып қарышта
Озып шыққан жарыста
Батыл бас жас ұлан
Самға биік алысқа
1 - жүргізуші:
Мектеп қамқор қоры бар,
Жақсылықпен жолығар
Біздей дарын шәкіртті
Қолдайтындай жөні бар.
2 - жүргізуші:
Шын аспазды табатын кез де келдi
Көп нәрсе уақыт сайын өзгередi
Қанекей шын шебердi бiз табайық
Үйреткен бұл өнерге өзгелердi.
2 - жүргiзушi:
Ыдысқа толсын талабың,
Асып толсын қанарың.
Таңғы шықтай мөп-мөлдiр
Кәусар болсын жан – арың.
Дастарханың молайып,
Әзiр болсын тамағың, - кезек дастархан мәзiрiне берiледi.
1 - жүргiзушi:
Қызықты ғой көрерменге би деген
Ортамызда мың бұрала билеген
Таныстырып қояйын мен сiздерге
Топтарымызды күзгi вальс билеген
2 - ж үргiзушi:
Бiлiмдi бiз жақтаймыз
Әнге, биге баптаймыз.
Ойынды тастап ендi бiз
Күзгi бидi бастаймыз,
Күзгi вальс биiн тамашалайық.
Ән «»
1 - жүргiзушi:
Демеңiздер бiз өнердi аяп қалды
Мезгiл де бiраз жерге таяп қалды
Баға берiп әр топтың өнерiне
Сұраймыз алқалардан мадақтауды,- с өз кезегi әдiл қазы алқаларында.
2 - жүргiзушi: Осымен бүгiнгi мерекемiздi жабық деп жариялаймыз.