Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Білімділік: Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу және әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сөз таптарын атаңдар. Ережелеріне тоқталу, мысал келтіру.

ІІІ. Жаңа сабақ
Сын есім
Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді
сын есім дейміз.
Сын есімдерге қандай? Қай? Деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: әсем, жұмсақ, қызыл, қою, ащы, үлкен
1. Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
2. Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу
Сұрақ бойынша қоянды сипатта
Қоян қайда жүреді?
- Қоянның түсі қандай?
- Қоянның құлағы қандай?
- Қоянның терісі қандай?
- Ол неден қорқады?
- Сын есімнің сұрақтарын тап. Ол сұрақтарға жауап беру үшін қандай сын есімдерді қолдандың?

ІV. Сергіту сәті
Шаршадым “Ух” деп,
Ренжідім “Туф” деп,
Қорықтым “Ай” деп
Қуандым “Ха - ха” деп

Аркалық қаласы,
Целинный негізгі мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Хамзина Айман Кубландиновна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама